Маңғыстау ауданының тәртіп сақшылары Отпан тауға саяхат жасады
Курс валют в Актау
на 30/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
30 Апреля, 05:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау ауданының тәртіп сақшылары Отпан тауға саяхат жасады

18 Ноября 2019 (15:42) | 3296 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстанның жарқын болашағын қалайтын жастардың көкірегі ояу, көзі ашық болуы абзал. Туған өлкенің тарихымен, ұлттық құндылықтарымен танысу және білу – әрбір азаматтың парызы. Қазақта «Туған жерге туыңды тік» -деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, туған еліңе деген сүйіспеншіліктен басталады.

 

 

«Рухани жаңғыру» аясында алынған «Туған жер» бағдарламасы бойынша өлкемізде мақсатты шаралар жүзеге асырылуда. Осындай шараның бірі – Маңғыстау облысы Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Кошев Аманбек Бақтыбайұлының жетекшілігімен Маңғыстау ауданы ауданы полиция бөлімінің басшы және жеке құрамының Маңғыстау ауданының аумағында орналасқан «Отпан тау тарихи-мәдени кешеніне» жасаған саяхаты болды.

 

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұланғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз», – дегені белгілі.

 

 

Отпан тау –қазақ халқы үшін қымбат мекен, өйткені ол ынтымақ пен бірлікті сақтауға және ағайын арасындағы татулық туын тік ұстауға бағыт береді.

 

Киелі мекен Маңғыстаудың әр тау-тасының, сай-саласының өзіндік тарихы бар. Түртіп қалсаң тау-тасы да сөйлеп кеткелі тұрған қасиетті Маңғыстау жері туралы тағы да Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Маңғыстау тұрғындарына көп адамдар өмірінде тым құрығында бір рет болып, көруді армандайтындай жерде тұру бақыты бұйырған» — дегені бар. Маңғыстау – тарих пен табиғаттың бірге толғанған тамаша дастаны, бірге салған таңғажайып суреті, бірге шерткен тағылымды шежіресі. Оны таңданбай көріп, тамсанбай түйсінуің мүмкін емес» — дейді заңғар жазушымыз Әбіш Кекілбев.

 

 

Маңғыстаудың ең биік шоқысы – Отпан тау. Жаугершілік заманда елге жау тигенде жергілікті халық Отпан тау басына от жағып белгі берген.Оны көрген батырлар жиылып, жауға соққы берген. Сондықтан Отпан тау ел бірлігінің символы болып келеді. Тәртіп сақшылары тарихи- мәдени ескерткіштердің бастысы –Ақсарай кешенін тамашалады. Мұнда маңызды жиындар ұйымдастырылып тұрады екен. Тарихтың куәсі – мұражайда болып, қазақ хандары мен шежіресімен, аймақтық қолөнер бұйымдарымен танысты.

 

Барлық аналардың жинақталған образы іспеттес – «Ана келбеті» ескерткіші Адай атаның ақ сарайының жанынан орын тепкен екен. 362 баспалдақ Ақсарай мен Адай атаның кесенесін жалғап жатыр. Келген қонақтар Отпан тауға арнайы келіп, құран бағыштау үшін жасалған жол екен. Отпан тауда тұрғызылған Адай ата кесенесінің күмбезінің үсті алтынмен жалатылған. Адай таңбасында Ерлік, Елдік, Бірлікті білдіретін белгі бар. Тағы бір ерекше ескерткіш –«Көкбөрі». Ата-бабаларымыз Көкбөрінің қайтпас, қайсар қасиеті кейінгі ұрпаққа дарысын деп үлгі тұтқан болуы керек.

 

 

Бұрынғы заманда елдің басын біріктіру үшін таудың басында Ұран отын жаққан екен. Бүгінде бұл маңда жыл сайын ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын Амал мейрамы тойланады.

 

Отпан тау кешенінің өскелең ұрпақтың бойында елін, жерін сүйетін патриоттық сезімнің қалыптасуына, туған жерінің тарихын меңгерген азамат болып өсуіне тигізер ықпалы зор.

 

 

Шетпелік тәртіп сақшылары үшін Отпан тауға саяхат – тағылымы мен рухани жағынан тәрбиелік мәні зор ерекше шара болды.

 

Полиция департаменті кадр саясаты басқармасы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему