Балабақша балғындары ардагерлерге құрмет көрсетті
Курс валют в Актау
на 14/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
14 Мая, 08:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Балабақша балғындары ардагерлерге құрмет көрсетті

10 Мая 2015 (14:27) | 2299 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, Ақтаудағы №4 «Аққу» балалар бақшасының ұжымы соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті. Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері Қарт майдангер Прапорщиков Иван Михайлович пен Козлова Валентина Семеновнаға қонаққа барып, қарияларға өнерлерін көрсетті. Ал, қарттар үйіне тоңазытқыш сыйлады.

 

Балабақшаның оқу-тәрбие жоспарына сай, №4 балабақшаның мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері Жеңіс мерекесіне орай, қаламыздың байырғы тұрғындары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Прапорщиков Иван Михайлович пен Козлова Валентина Семеновнаға қонаққа барып, ата-әжелерінің көңілін көтеріп қайтты.

Әскери киім киген бүлдіршіндер ардагер ата-әжелеріне майдан әндерін айтып, соғыс, жеңіс туралы өлең жолдарын арнады.

 

Ардагер қариялар да соғыста бастан кешірген оқиғаларын, Отанды жаудан қалай қорғағандарын, Жеңістің оңай келмегендігі туралы естеліктерін еске түсіріп, балаларға әңгімелеп берді. Ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған қазыналы қарияларымызға балабақша ұжымы мен ата-аналардың дайындаған мерекелік сыйлықтары тарту етілді.

Тәрбиелік мәні зор шара облыстық қарттар және ардагерлер үйінде де жалғасты. Балабақша балғындары мұнда да мерекелік концерт қойып, қариялардың көңілін бір серпілтіп тастады. Балабақша ұжымы атынан су жаңа тоңазытқыш сыйлады. Айта кету керек, «Аққу» балалар бақшасы қайырымдылық шарасын жыл сайын өткізіп тұрады.

 

             

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему