Ұлттық спорт түрлері насихатталды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 13:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ұлттық спорт түрлері насихатталды

1 Августа 2016 (22:50) | 2901 | Автор: Нурганым Имашева

 Қарақия ауданының Құрық кентінде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Спорттық жарыстарды «Денсаулық жолы» аясында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы мен облыстық санаторлық мектеп-интернаты ұжымы бірлесіп ұйымдастырды. Тоғызқұмалақ, бес тас, жаяу көкпар, қол күрес, қазақша күрес, арқан тарту, асық ату бойынша өткізілген жарысқа мектеп-интернатының 60 тәрбиеленушісі қатысып, бақтарын сынады.

 

 Айгүл Әбдеш жетекшілік ететін «Жауқазын» тобының қыздары би мен вокалмен айналысады. Бұл жолы топтың жетекшісі қыздарын жарысқа бес тас бойынша дайындады. Жарыс қорытындысында топтың белсенді аруы Ақмарал Пердешова бапкерінің үмітін ақтап, бірінші орынды иеленді

 

Ақмарал Пердешова:

[quote]Жарыс өте қызықты өтті. Маған сенім артқан ұстаздарым мен жанкүйерлерімнің үмітін ақтау үшін барымды салдым. Нәтижиесінде жүлделі орынды жеңіп алдым[/quote]

 Тартысты өткен жарыстардың қорытындысында қазақша күрестен Дәурен Ерденбай, қол күресінен Әділет Оңай, тоғызқұмалақтан Ақтолқын Пердешова, асық атудан Сәлімжан Орынбай үздік танылып, жарыс жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, арқан тартудан «Барыс» командасы, жаяу көкпардан «Тұлпар» командасы мықтылық танытып, бірінші орынға көтерілді. Жарыс жеңімпаздарына Алғыс хаттар табысталып, бағалы сыйлықтар берілді.

 

- Мұндай жарыс мектеп-интернатында осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Жарысқа барлық оқушылар белсенді қатысты. Сонымен қатар бүгінгі шара барысында «Жастар жетістігі» қоғамдық қоры әлеуметтік тапысырыс аясында оқушылар мен ұстаздарға арнап жіті ішек ауруларының алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстарын жүргізіп, аурудан сақтанудың жолдарын түсіндірді, - деген облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы директорының орынбасары Бану Ұзақбаева Орталық атынан облыстық санаторлық мектеп-интернатының директоры Мая Шарипованы Алғыс хатпен марапаттады.

 

 Шара соңында оған қатысушылар облыстық санаторлық мектеп-интернатының тәрбиеленушілері дайындаған шағын концерттік бағдарламаны тамашалады.

 

Фото автора

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему