Облыстық перинаталдық орталыққа жаңа жабдық алынды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 05:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыстық перинаталдық орталыққа жаңа жабдық алынды

27 Апреля 2015 (12:14) | 1744 | Автор: Нұрганым Имашева

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығынан жағымды жаңалық келіп түсті. Бұл медициналық мекемеде бұрын флюрографиялық аппараттың болмауынан жаңа босанған аналар қиындық көріп, қаладағы өзге емдеу-сауықтыру мекемесіне барып рентгенге түсу сияқты қолайсыздықты бастан кешетін. Ол қиындықтар енді артта қалды. Жақында Орталыққа жаңа флюрография жабдығы сатып алынды.

 

Жаңа жабдықты көрсете тұрып, тілшілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берген Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығының директоры Жамал Әбдібекқызы Жаманбаева:

 

-Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша барлық босанған әйел міндетті түрде флюрографиялық тексеруден өткізілуі тиіс. Сол себепті бірнеше жылдар бойы арнайы жабдықтың өзімізде болмауы салдарынан бізде қиыншылықтар туындап жүрді. Босанған әйелдерді қыс демей, жаз демей көлікпен көршілес орналасқан емханаға апарып жүрдік. Бұл жағдай аналардың арасында наразылық тудырып жүрді. Енді міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, біздің облыстық перинаталдық орталықта жаңа флюрографиялық қондырғы құрылды. Бұл жабдық өзіміздің Қазақстанда, Ақтөбе қаласында жасалған. Күні бүгін міне осы жабдықтың барлық жақсылығын көріп отырмыз.

 

Аналарды қазір басқа жаққа тасымаймыз. Олар жылы жерде, іште отырып, осы құрылғының игілігін көріп жатыр. Аппаратты құрып пайдаланғанымызға 1 айға жуық уақыт болып қалды. Осы уақыт аралығында 650-ге тарта әйел флюрографиялық тексеруден өтті.

 

 

Жергілікті бюджеттен бұл жабдықты сатып алу мен қондыру үшін 19 миллион қаражы бөлінді,-деп мәлімдеді.

 

Аталмыш Орталықта бесінші сәбиін дүниеге әкелген Мұнайлы ауданының тұрғыны Досбаева Жанат:

 

-Бұрын флюро жабдығы болмағанда бізге қиын болушы еді, қыста көрпеге оранып, басқа емханаға баратынбыз. Енді іште өз жабдығымыз бар, қазір бізге өте ыңғайлы болып отыр. Осында көрсетіліп жатқан медициналық көмекке көңіліміз толады,-деген ойымен бөлісті

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему