Маңғыстау облыстық сотының төрағасы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 03:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

26 Июня 2017 (12:59) | 2567 | Автор: Мира Ботабекова

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов БАҚ басшылары мен қызметкерлерін, соттың баспасөз хатшыларын кәсіби мерекелерімен – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.

 

 

Іс-шараны аша келе, сот төрағасы  «Өлкеміздегі сот жүйесіндегі жаңалықтардың барлығы тілшілер қауымының арқасында халыққа дер кезінде түсіндіріліп отыр. Алайда, соттың шешімі тек қана жазалаудан ғана емес, тәрбие мен үлгі ету мақсатын көздейтінін ұмытпағанымыз жөн. Бұл ретте БАҚ-тың рөлі өте маңызды. Сот билігі бұқарамен, яғни халықпен байланыста ғана беделді. Ал, сот пен халықты тікелей  байланыстырушы дәнекер мына отырған сіздер»,-деді.

 

Кездесуде сот төрағасы сот жүйесін реформалау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

 

Атап айтқанда, Елбасының бастамасымен қолға алынған «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт Жоспарына сәйкес, сот жүйесін реформалау бағытында жүргізілген жұмыстарға тоқталып, республика судьяларының VII съезінде жаңа Судьялық Әдеп кодексі қабылданғандығын, жекелеген санаттар бойынша дауларды (шиеленістерді) сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің пилоттық жобасының іске қосылғанын, соттарды сырттай бағалау сервисі мен өңір соттарындағы сот залдары толығымен аудио және бейнетіркеу жүйелерімен жабдықталғандығын атап өтті.

 

 

Іс-шараның соңында Жақсылық Аланов кездесуге қатысушыларға сот жүйесінің қызметін ақпараттық жариялаудағы белсенді жұмысы үшін алғыс білдіріп, оларға алғыс хат пен естелік сыйлықтар тапсырды. Сондай-ақ, БАҚ өкілдеріне «Астана EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалау үшін билеттер берілді. Шара соңы мерекелік дастарқанмен жалғасты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему