Қазақстанда соңғы екі ай ішінде емхананы еркін таңдау  науқаны жүргізіледі
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 01:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қазақстанда соңғы екі ай ішінде емхананы еркін таңдау науқаны жүргізіледі

14 Сентября 2023 (14:01) | 3932 | Автор: Редакция

 

15 қыркүйекте Қазақстанда алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына еркін тіркелу науқаны басталды. Бұл науқан қараша айының ортасына дейін жалғаспақ.  

2023 жылы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін  31 медициналық ұйым Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Маңғыстау облысы бойынша филиалымен шарт жасасты. Оның 12-сі (38,3%) мемлекеттік мекеме және 19-ы (61,3%) жекеменшік. Олардың тізімін Қордың fms.kz сайтында, «Клиниканы таңдау» бөлімінен көруге болады.  Пациент алғашқы медициналық санитариялық көмек көрсететін мемлекеттік, сонымен қатар жекеменшік ұйымға тiркеле алады. Алдын ала сiз таңдаған клиникада бос учаскелер бар-жоғын нақтылап алғаныңыз абзал.

 Тіркеу науқаны не үшін қажет?

 Аталмышакция елімізде жыл сайын өткізіледі. Науқан кезінде қазақстандықтар өздері тіркеуде тұрған емхананың жұмысына қанағаттанбаса, басқа емханаға ауыса алады немесе өз  емханасы ішінде басқа учаскелік дәрігерді таңдауға мүмкіндігі бар.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына тіркелген пациент учаскелік дәрігердің қабылдауы, өзінің денсаулық жағдайын бақылау, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, скринингтік тексерулер, диагностикалық зертханалық және аспаптық зерттеулер сынды медициналық көмек пен емдеуге жатқызуға жолдама алады.

Медициналық көмексіз қалмауы үшін ел азаматтары тұрғылықты жері бойынша емханада немесе электрондық үкімет веб-порталындағы  жеке деректерде (ЭЦҚ арқылы авторизациялау) тіркелу мәртебесін тексеру қажет.

Айта кетерлігі, тіркеу науқаны пациентке 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет көрсететін клиниканы таңдауына мүмкіндік береді.

Яғни, 31 желтоқсанға дейін пациентке бұрын тіркелген емханада қызмет көрсету жалғастырылады.

 Емхананы таңдау кезінде нені ескеру қажет?

 Емхана таңдауда басты ескеретін жайт – ол үйден 15-20 минут уақытта жаяу жететін жерде орналасқаны жөн. Барлық емханалар аумақтық қағидат бойынша жұмыс істейді және пациент емхананың қызмет көрсету аумағында тұрған кезде ғана үйде медициналық көмек көрсетіледі.   Бұл учаскелік дәрігердің немесе мобильді бригаданың көмегі қажет болған жағдайда оның жедел жетуіне, сондай-ақ, отбасы мүшелерінің бір дәрігерге қаралуына мүмкіндік береді.

 Емханаға қалай тіркелуге болады?

 Бірінші әдіс, бұл барлық азаматарға арналған. Электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы бекіту: www.egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Ары қарай электрондық өтініштің барлық жолдарын толтыру қажет. Пациент туралы мәліметтерді емхана мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Жауап оң болған жағдайда медициналық ұйымға тіркелгеніңіз туралы хабарлама беріледі.

Екінші әдіс бұл, халықтың жекелеген санаттарына арналған. Олар емханаға жеке басын куәландыратын құжатпен тікелей жүгіне алады. Атап айтар болсақ, олар зейнеткерлер, мүгедектер, қамқоршылар тағайындалған заң бойынша бала кезінен мүгедектер, қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер, колонияда жазасын өтеушілер, студенттер, мерзімді қызмет әскери қызметшілері, шет мемлекеттерде туған балалар, сенімхат бойынша бекітуді рәсімдейтіндер.

Тіркелу науқанына әркім қатысуы керек пе?

  Емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланбаған азаматтар бұрын өзі қаралған алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымында тіркелген күйі қалады.  

 Егер медициналық көмек көрсету сапасына қатысты сұрақтарыңыз болса, сіз оларды өз емханаңыздағы Пациенттерді қолдау қызметіне қоя аласыз. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, онда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ыңғайлы байланыс арналары арқылы жүгінуге болады: fms.kz ресми сайты, 1414 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

         Сақтандыру мәртебесін тексеру және жүргізілген төлемдер туралы egov.kz ҚР электрондық үкіметі сайтының "Денсаулық сақтау" бөлімінде "Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат" мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему