Кеңес өз қызметін - профилактикалық бағытта жалғастыруда
Курс валют в Актау
на 06/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
6 Мая, 01:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Кеңес өз қызметін - профилактикалық бағытта жалғастыруда

31 Мая 2023 (14:10) | 1990 | Автор: Редакция

Ағымдағы жылдың 17 мамырында Маңғыстау облысындағы әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы көшпелі форматта Ақтау қаласының әкімдігінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті. Бұл жолы әдеп кеңесінің мәжілісінде жалпы 5 мәселе талқыға салынды.
 
Атап айтқанда, 2022 жылдың қорытындылары бойынша Бейнеу ауданы әкімі аппаратында және оған қарасты дербес мелекеттік органдарда мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаларының және әдеп кодексі талаптарының орындалысы туралы Бейнеу ауданының әкімі Б.Әбіловтың есебі тыңдалды.
 
Есепте аудан әкімдігінің жергілікті басқару құрылымы аудан әкімінің аппаратынан, 7 дербес бөлімнен, 10 ауыл және ауылдық округ әкімдері аппараттарынан тұратындығы және барлығы 122 мемлекеттік  қызметші  лауазымдары қарастырылғаны, 2022 жылы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің 122 штаттық бірлігінің 10-ы бос орын болған, оның ішінде 5-і уақытша бала күтіміндегі қызметкерлердің орындары екендігі осыған байланысты 2022 жылы 31 конкурс өткізілгендігі баяндалды.
Ауданда 2022 жылы 22 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауаптылыққа тартылғаны көрсетілген.
 
Сондай-ақ, ауданға қарасты 6 бөлім және 10 ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараттары арқылы 128 қызмет түрінің 2022 жылы 70 қызмет түрі бойынша барлығы – 22784  қызмет көрсетілгендігі атап өтілді.
 
Күн тәртібіндегі келесі мәселе Бейнеу ауылының әкімі Р.Тайшыбаев пен Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Қалдығараевқа қатысты мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағандығы туралы жолданған ұсыныс хаты бойынша тәртіптік ісі қаралды.
Осы ұсыну негізінде Бөліммен «Бейнеусусервис» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында «Ауыз су беру құбырларын күтіп ұстау қызметтері» бойынша және ауыл әкімімен «Бейнеусусервис» КММ-сі арасында жасақталған «Тікелей шарты тұжырымы бір дереккөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарты заңнама талаптарын бұза отырып жасақталғандығы көрсетілген.
Анықталған заңдылықты бұзушылықты жою және «Бейнеусусервис» КММ-мен жасақталған шарттарды жарамсыз деп тану мақсатында Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне ұсыну енгізіліп, ұсынудың қарау қорытындысымен Бейнеу ауылының әкімі Р.Тайшыбаев пен Бөлім басшысы С.Қалдығараевқа қысқартылған тәртіппен әкімшілік айыппұлдар салынғандығы белгілі болды.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тәртіптік іс құжаттарын мұқият зерделеп, Бейнеу ауданы прокуратурасының өкілі Н.Қарымсақтың, аумақтық Департаменттің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының бас маманы Қ.Нышанбаевтың баяндамаларын, қызметшілер Р.Тайшыбаев пен С.Қалдығараевтың түсіндірмелерін тыңдай келе лауазымды тұлғаларға қатысты мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жаза қолдануға негіздер болмауына байланысты тәртіптік істі тоқтату туралы шешім қабылдады.
Дегенмен, аталған қызметшілер өз лауазымдық міндеттерін тиісті деңгейде сапалы атқармағаны үшін, олардың тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыру жөнінде Бейнеу ауданы әкімінің атына ұсыну жолдау туралы шешім қабылданды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему