Ұлттық құндылықты қадірлеген арулар
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 06:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ұлттық құндылықты қадірлеген арулар

27 Апреля 2023 (17:47) | 1701 | Автор: Редакция

Ақтау қаласындағы ІТ мектеп-лицейінде ұлттық нақышта «ІТ аруы-2023» байқауы өтті. Оған білім ошағының 9-10 сыныптарында оқитын 9 ару қатысты.
 
 
«Мен бас жанкүйер болып, немеремді қолдауға келіп отырмын. Сайыс соңында шашуымды шашып, әжелік жолыммен құрмет көрсетуге дайын отырмын. Жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қыздар талантты екен»,- дейді Шараухан Ізбасарова. 
 
Аруларды жан-жақты сынаған байқаудың талаптары да жоғары. Байқау 5 кезеңнен тұрды: таныстыру, сұрақ-жауап, сән үлгісі, қолөнер және өнер сайысы.  
 
Байқау тартысты өтті. Қазақша, ағылшынша, орысша мүдірмей тұрған біліміне көркі сай қыздар салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты сұрақтарда да белсенді болды. Сән үлгісінде тек қана қазақтың ұлттық киімдерін дәріптеген арулар киімнің киілу тәртібі мен орыны туралы да түсіндірді.  Бүрмелі көйлек, камзол, кәжекей мен бешпент, үкілі тақиямен шыққан қатысушалар көз қуантты. Күмістен жасалған шашбау, өңіржиек, сырға, білезіктің тартымдылығы өз алдына. Қолөнер сайысында да өз қолдарынан шыққан ұлттық бұйымдар мен тағамдарды таныстырды. Оюлы көрпе, сөмке, бас киім мен үйге тұтынатын бұйымдар көздің жауын алады. Домбырамен, эстрадамен ән шырқау, Мұқағалидің 50 шақты өлеңінің тізімін қазыларға ұсынып, кез-келген жерін жатқа оқу, спорттық әдістерді көрсету, сахналанған қойылым қою сынды бойдағы өнерлерін көрсетуде де арулар дараланды. 
 
Өркениетке ұмтылып, әлеуметтік желіге байланған заманда ұлттық құндылығымызды оқушылар бойына сіңіру мақсатында ІТ мектеп-лицейінің ұжымы ұтымды қадам жасағанын айта кету керек.
 
Білім ордасының бірнеше тілде еркін сөйлейтін, өнері мен өресі тең, білімі мен білігі бар жас толқыны өсіп келеді. Олар өте білімді, еркін әрі батыл. 
 
Сөйтіп жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар топ жарды. Қазылар алқасының ұйғарымымен бас жүлдені 10-сынып оқушысы Өтесбай Фариза жеңіп алды.
 
1- орын Оқу Гауһарға бұйырды. 2-орынды Шәкір Ақтілек, 3-орынды Бекқажы Ардақ иеленді.
 
Келер жылы Фариза Өтесбай қазылар құрамында отырып, аруларға баға береді. Жас жеңімпазға тәжін тарту етеді.
 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему