Ақтау қаласындағы №29 орта мектепте  Республикалық ата-аналар Конференциясы өтті
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 19:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласындағы №29 орта мектепте Республикалық ата-аналар Конференциясы өтті

26 Сентября 2018 (19:58) | 5256 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда Ақтау қаласындағы №29 жалпы білім беру орта мектебінде 1 - 10 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «XXI ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы Республикалық ата-аналар Конференциясы ұйымдастырылды.

 

 

Бұдан кейін аталмыш мектепте 5-6-7 сыныптардағы оқушылардың ата-аналарына арналған конференция өтті.

 

Бұл туралы біздің басылымға хабарлаған №29 жалпы білім беру орта мектебінің педагог-психологі Урбисинова Баян Зейнелқызының мәлімдеуінше, «Конференцияның мақсаты: ата-аналарға психология-педагогикалық көмек көрсету болып табылады».

 

Конференция ата-аналардың мектеп ішін аралап көруімен басталды. Мектеп қонақтары «Көшбасшы кабинеті», LFK, IntellectUn сияқты оқушылар үшін арнайы жабдықталған кабинеттерді тамашалап, оларға «Ақылды мектеп» жобасы аясында жасақталған арнайы құрылғыларды қолдану туралы мәліметтер берілді, «Робототехника» үйірмесінің жұмысымен танысты.

 

Конференция ата-аналарға арналған психология-педагогикалық көмек ретінде жиналыспен жалғасты.

 

 

Конференцияға мектеп директоры Ізтұрғанова Жайна Аманжанқызы, мектеп басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Қаршығаева Назгүл, ҚР БҒМ және Отбасылық Тәрбиелеу Институтының өкілі, Астана қаласы әкімдігінің «Астана Дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психолог-әдіскері Капанова Гульмира Кадырбаевна, Ақтау қалалық білім бөлімінің бас маманы Тұрғанбаева Бағдат, Ақтау қалалық білім бөлімінің бас маманы Агманова Жұлдыз, Маңғыстау облысының білім басқармасының өкілдері Назарова Дариға, Әрпішиева Жанерке, мектеп психологтары: Б.Урбисинова, Х.Мергенбаева және 1,5,6,7,10 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.

 

Конференция барысында мектеп басшысы Қазақстан Респуликасы Ж.Ізтұрғанова ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы ОРШЫБЕКОВ НҰРБЕК ӘБУБЕКҰЛЫНЫҢ үндеу хатын оқыды.

 

Конференцияда ата-аналардың назарына «Интернет және бала», «Ата-ана мені түсініңіздерші», «Дін және бала», «Отбасылық құндылықтар» және «Бала және құқық» «Жасөспіріммен қалай жақсы байланыс орнатуға болады?» т.б тақырыптарда бейнероликтер ұсынылды.

 

 

-Мектеп психологтары тарапынан 1,5,6,7 және 10 сынып оқушыларының ата-аналарына: бастауыш сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуі, балалардың ақпараттық қауіпсіздігі мен интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу, отбасылық құндылықтар мен мектепке діни атрибутика киюге тыйым салу, кәмелетке толмаған балалардың суицидтік (ауто-деструктивті) және девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы, жоғары сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындығы бойынша психология-педагогикалық кеңестер берілді.

 

Тәрбие үрдісінің маңыздылығына мән бере отырып, 1,5,6,7 және 10 сынып оқушыларының ата-аналары аталмыш конференцияға белсенді түрде, толықтай қатысты. Конференция барысында ата-аналардан бала тәрбиесі жөнінде сауалнамалар алынып, психология-педагогикалық көмек кітапшалары таратылды.

 

Аталған конференцияның тақырыптары бойынша ата-аналар педагогтар мен психолог мамандардан бала тәрбиесіне қатысты ақыл – кеңестер алумен қатар, бейне жазбаларды көріп, тәрбие мәселелеріне байланысты біраз мағлұмат ала алды.

 

Ата-аналар конференция соңында бала тәрбиесіне қатысты көзқарастары өзгергені туралы айтып, мектеп ұжымына өздерінің жылы лебіздерін білдірді, білім ошағының алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, алғыс айтты, - дейді №29 жалпы білім беру орта мектебінің педагог-психологі Баян Урбисинова.

 

Суреттерді ұсынған Баян Урбисинова

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему