Жаңаөзендік ереуілшілердің мәселесі: ҚазМұнайГаз келіссөздер қалай жүріп жатқанын айтты
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 11:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзендік ереуілшілердің мәселесі: ҚазМұнайГаз келіссөздер қалай жүріп жатқанын айтты

14 Апреля 2023 (17:40) | 1550 | Автор: Редакция

 АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы жаңаөзендік мұнайшылардың мәселесіне арналған комиссия жұмысымен таныстырды.

Компания мәліметінше, 11 сәуірден бастап Астанада арнайы комиссия жұмысын бастады, оның құрамына энергетика министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ өкілдері, сондай-ақ 10 адамнан құралған БерӘлі компаниясының белсенді тобы кірді.
Бүгінге дейін жұмыс комиссиясы үш отырыс өткізді.
 
"БерӘлі компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің басты талабы – "Өзенмұнайгаз" АҚ штатына жұмысқа орналасу. Бастамашыл топқа бұл шарттың мүмкін еместігі айтылды. Ұйымға жұмысқа кезекте 9 мың адам тұр. Олар қабылданған алгоритмдерге сәйкес бастапқыда коммуналды компанияларда жұмыс істейді, әрі қарай бос жұмыс орны пайда болғанда кезек бойынша "Өзенмұнайгаз" АҚ-қа жұмысқа тұрады. Келіссөз жүргізушілердің бұл талабы қала тұрғындарының мүдделері мен құқықтарына қайшы келеді", - деді компаниядағылар.
 
"ҚазМұнайГаз" мәліметінше, сатып алу қызметін ұзақ мерзімге белгілеу мәселесі бойынша компания өкілдері "3+2" схемасы бойынша келісімшарт жасасуға дайын екенін білдірді. Ол бойынша келісімшарттар қосымша 2 жылға ұзарту құқығымен 3 жылға жасалатын болады.
"Жекелеген мәселелер бойынша БерӘлінің бұрынғы қызметкерлерінің талаптары өзгерді: атап айтқанда, жерасты жөндеу жұмыстарының қосымша көлемін "Бұрғылау" және "МұнайФилдСервис" жеке компанияларына беріп, БерӘлінің бұрынғы қызметкерлерін осы компанияларға жұмысқа орналастыру мүмкіндігі айтылды. Алайда, алдын ала келіссөздерден кейін аталған компаниялардың басшылығы өз бригадаларының толық жүктелмеуіне байланысты мұндай қызмет түрін көрсетуге қызығушылығы жоқтығын мәлімдеді", - делінген ҚМГ хабарламасында.
Мемлекеттік орган өкілдері еңбекті қорғау және ұйымдастыру жағдайлары, бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасын қолдану, тендер рәсімдеріне қатысты мәселелер бойынша тәуелсіз комиссия құруды қарастыруға дайын екендіктерін мәлімдеді.
Бұдан бөлек, ҚМГ өкілдері БерӘлі компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің барлығын осыған дейінгі жалақысы мен әлеуметтік пакетін сақтай отырып, конкурс нәтижесінде жеңімпаз болған компанияға жұмысқа орналастыруға дайын екендігін растады.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған мәселелерді талқылау жалғасып жатыр және тараптар қолданыстағы заңнамаға сай келісімге қол жеткізуге мүдделі.
Забастовка нефтяников: ситуация у здания Минэнерго - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2023
Министрлік алдында ереуілдеген жаңаөзендіктерді полиция ұстап әкетті

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему