Зейнеткер қуыршақтарға ұлттық киім тігеді
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 10:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Зейнеткер қуыршақтарға ұлттық киім тігеді

11 Марта 2017 (22:44) | 3550 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақтаулық зейнеткер Найля Галкина қуыршақтарға киім тігеді. Ісмер әзірлеген сән топтамасында түрлі этностың үлгілері бар. Ол айлап уақытын жұмсап, бар ынтасымен жасаған еңбегін жақындарына тегін сыйлайды. Ойыншықтарды киіндіруден бөлек татардың ұлттық бас киімдерін де шебер пішеді.

 

Қуыршаққа киім пішу – Найля Галкинаның бал күнгі арманы. Алайда бұл мақсатына зейнет жасында қол жеткізеді. «Қаланы тіршілік нәрімен қамтып отырған кәсіпорында жастық шағым өтті. Ол кезеңде күйбең тіршіліктен қолым босамайтын. Ұлдарым аяқтанған соң үйде ермек етер іс керектігін түсіндім. Көп ойланбай, өзім сүйген кәсіпті қолға алдым», - дейді зейнеткер.

 

Найля Галкина, «Булгар» татар этномәдени қауымдастығының мүшесі:

- Қуыршақтар үйге жақсылық шақырады. Оларды көз түсетін жерге қойып, әрқайсына ат қою қажет. Мына қуыршақты «Бақ» деп атадым. Таңсәріде амандасып, отбасыма және барлық адамдарға сәтті күн тілеймін!

 

Мейірбан қария үйінен қонақ арылмайды. Бұл жолғы мейманы бес түрлі бас киімге тапсырыс бергелі келіпті. Татар еліне тойға апарар сыйлығы екен. Айта кету керек, зейнеткер пішетін тақиялар екі тәулікте дайын болады. Ал әйел бас киімін моншақпен зерлеп, ұлттық нақышқа енгізуге бірнеше күн қажет екен.

 

Гүлсиря Миникаева, қала тұрғыны:

- Он саусағынан өнер тамған шебермен танысқаныма қуаныштымын. Тапсырысты жылдам орындайды. Казань қаласындағы ағайыннан бөлек анам мен апа-сіңлілеріме де сыйлықты осы жерден алуды шештім.

 

Қонағын ыстық бәлішпен сыйлау – үй иесінің жаңылмас әдеті. Шай үстінде үстелге қарсы қабырғаға көзі түскен жан еріксіз таңдай қағады. Мұндағы суреттер топтамасы да шебер қарияның қолынан шыққан.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему