Маңғыстауда көктемгі әскерге шақыру науқаны жалғасып жатыр
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 09:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда көктемгі әскерге шақыру науқаны жалғасып жатыр

30 Марта 2023 (16:21) | 1876 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысынан көктемгі әскерге шақыру науқаны барысында 18 бен 27 жас аралығындағы 650-ден астам азаматты мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарлануда, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің деректері бойынша 270-ке жуық әскерге шақырылушы Қарулы күштер қатарына, 230-дан астам адам Ұлттық ұланға, 150-ден астам әскер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне шақырылады. Әскери қызметке шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, қамтамасыз етеді.

Шақыру науқаны SMS-хабарламалар арқылы сондай-ақ, үй және жұмыс мекенжайларына шақыру қағаздарын жіберу арқылы жүзеге асырылады.

-Қазіргі уақытта Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелерін, содан кейін – Қарулы Күштердің әскери бөлімдерін, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ұлттық ұланды бірінші болып жасақтаймыз. Алгоритмге сәйкес әскерге шақырылушыларды зерделеу және іріктеу барысында аудандық және облыстық медициналық комиссиялар, психологиялық және полиграфиялық зерттеулер, наркологиялық және ПТР сынақтарын тапсыру және іш қуысының УДЗ жүргізіледі. Бүгін біз кезекті команданы ҚР ҰҚК Шекара қызметіне жібереміз, барлық әскерге шақырылушылар ел алдындағы борышын өтеуге дайын, жігіттерге сәттілік тілейміз, – деді Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, жасақтау басқармасының бастығы майор Еркін Алпанов.

Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп облыстық құрама пункті үшін іш құрылысының УДЗ аппараттарын, жүрек УДЗ сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл тексерулерден барлық шақырылушылар облыстық медициналық комиссия барысында өтетін болады.

Айта кетейік, шақыру науқаны биыл 1 шілдеге дейін жалғасады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему