Жаңаөзенде энергетика саласының мамандары марапатталды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 19:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзенде энергетика саласының мамандары марапатталды

23 Декабря 2022 (13:27) | 1785 | Автор: Редакция

Энергетиктер күніне орай Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Жансейіт Қайнарбаев сала мамандарымен кездесіп, мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекеге орай энергетика саласында көп жылдар бойы қызмет етіп, қаланың өркендеуіне сүбелі үлес қосқан мамандар марапатталды.

-Энергетика – ел экономикасының негізгі салаларының бірі. Сонымен қатар, қазақстандық өнеркәсіпті өрге сүйрейтін де осы сала. Сондықтан, энергетика маңызын айтып жеткізу мүмкін емес. Жұмысына деген өзінің кәсіби және жауапты қарым-қатынасы арқылы энергетика саласының мамандары күн сайын күрделі жұмыс істеп, тұрғындар мен өндірістік кәсіпорындарды энергетикамен сенімді әрі үздіксіз қамтамасыз етіп келеді. Сіздердің жұмысыңыз – шынайы адал еңбек. Қызметтеріңіз ізгілікке толы. Күннің райы мен мерзіміне қарамастан, үнемі халық игілігі үшін жұмыс жасайсыздар. Сіздердей жұмысты іспен дәлелдейтін еңбек адамдарына алғысымыз шексіз, - деді Жансейіт Қайнарбаев.

Салтанатты жиында белсене атсалысып, қоғамды құруға өзінің жеке еңбек үлесін қосқан «Өзенэнергосервис» МКК, «Ақтау Сервис Құрылыс» ЖШС, «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ мамандары Маңғыстау облысы әкімінің құрмет грамотасы және Жаңаөзен қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему