Ақтаулық оқушылар саяхатқа шықты
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 21:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық оқушылар саяхатқа шықты

9 Марта 2023 (15:48) | 1611 | Автор: Редакция

Наурыз мерекелерінің аясында Ақтау қаласындағы «IntellekUM» мектеп-лицейінің 1 «ә» сынып оқушылары экскурсияға шықты.

Облыстық қуыршақ театрынан басталған саяхат  Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде және Қ.Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасында жалғасты. 

Танымдық бағдарлама барысында балалар театр қабырғасында «Сен және мен немесе отпен ойын туралы шынайы оқиға» атты қойылымды тамашаласа, мұражайдың алты залында өлкенің бай жәдігерлерімен, археологиялық мұралармен, аймақтың ерекше фауна және флора коллекцияларымен, этнографиялық бұйымдармен және көне дәуірде өмір сүрген жан-жануарлар тарихымен танысты.

Музейдің экспозициялық залдарын шолып шыққан бүлдіршіндердің қызығушылығы кітапхананың балаларға арналған бөлімінде ерекше арта түсті. Мұнда ертегілер және балалар кітаптарымен, әр түрлі көрнекіліктермен танысып шыққан соң, шахмат үйірмесінің жетекшісі шәкірттер арасында өзара ойын өткізіп, ережесімен таныстырды.

Аталған экскурсия ата-аналардың бастамасымен ұйымдастарылып, мектеп басшылығынан, сынып жетекшісінен қолдау тапқаны қуантады. Оқушының зейінін ашып, ой-өрісін кеңейту, санасына ұлттық құндылықты сіңдіру жолында осындай игі іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему