Маңғыстаулық балуан Нұрбек Қуанышұлы Таразда чемпион атанды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 22:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық балуан Нұрбек Қуанышұлы Таразда чемпион атанды

6 Октября 2017 (09:28) | 1809 | Автор: Нурганым Имашева

Қасиетті Тараз қаласында дзюдо күресінен Б. Ташметовтің жүлдесіне арналған халықаралық турнир тәмамдалып, жеңімпаздар анықталды.

 

 

Байрақты бәсекеде маңғыстаулық балуан, облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Нұрбек Қуанышұлы чемпион атанып, алтыннан алқа тақты.

 

Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған жарысқа Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия, Корея, Армения, Белоруссия, Моңғолия мемлекеттерінен келген 500-ден астам спортшы қатысты. Турнирде балуандардың арасынан 66 келі салмақта Нұрбек Қуанышұлы үздік танылып, аймақ абыройын асқақтатты.

 

-Нұрбек алдымен алматылық, қарағандылық, астаналық балуандарды айқын басымдылықпен жеңіп, өзінің боз кілемнің иесі екендігін дәлелдеді.

 

 Ақтық мәреге жолдама алу үшін биылғы жылдың жеңімпазы, Әлем біріншілігіне қатысушы шығысқазақстандық балуан Дастан Шаяхметовті «базари» әдісімен алып ұрып, келесі айналымға жолдама алды.

 

 Одан кейін де шымкенттік балуан, дзюдодан ҚР чемпионы Бексұлтан Дүйсеновпен болған белдесуде қарсыласын «базари» әдісімен тізе бүктіріп, жарыс жеңімпазы атанды. Өте қуаныштымыз. Шәкіртімнің болашағынан үлкен үміт күтемін,-дейді облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Жомарт Қобыланов.

 

16 жасар балуан Нұрбек Қуанышұлының болашағына бапкерлері үлкен үмітпен қарайды. Жерлесіміз Түркістан қаласында самбодан өткен Ел біріншілігінде чемпион атанып, бапкерлер үмітін ақтады.

 

Одан бөлек 2016 жылы Якутияда өткен Азия балалар ойындарында және 2017 жылы Тараз қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан өткен ҚР чемпионатында қола жүлдені иеленді. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему