Төрт балабақша ашылады
Курс валют в Актау
на 19/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
19 Мая, 05:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Төрт балабақша ашылады

13 Февраля 2015 (10:54) | 2218 | Автор: Мира Ботабекова

 

Алдағы айларда Ақтауда 4 балабақша пайдалануға беріледі. Біреуі 29 ш/а, қалған үшеуі 33 ш/а салынып жатыр. Сонымен қатар, жалға берілген 1120 орындық 4 балабақша ғимараттары кері қайтарылады. Бұл балабақша кезегінде тұрған балалардың санын азайтуыға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін жұртшылық алдында есеп берген Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин.

 

«Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2014 жылы қалада 280 орындық №10 (4 ш/а) бір балабақша, 834 орындық 5 жеке меншік балабақша (24,29 ш/а, Шығыс 1 т/м) және 85 орындық «Бәйтерек» ш/о (32 ш/а) ашылды, барлығы 1199 орын. Нәтижесінде 3-6 жас аралығындағы балабақшамен қамтылған балалардың саны 12037 балаға жетіп немесе 80,2% құрап отыр. Қазіргі таңда 29 мемлекеттік балабақша және 19 жекеменшік балабақшалар, шағын орталықтар жұмыс жасайды.

 

2013 жылы балаларды балабақшаға қабылдаудың жаңа тиімді механизмін енгізіп жүзеге асыру өзінің оң нәтижесін берді. «Атап айтқанда, 2013 жылы балабақшаларға 3990 бала қабылданса, 2014 жылы 5475 бала қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жүргіземіз»,-дейді Еділ Терекбайұлы.

 

-Елбасы тапсырмасына сәйкес, мемлекетіміздің алдында барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындап шығу міндеті тұр. Білім саласында мектепке дейінгі мекемелер желісін кеңейту жұмыстары, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті нығайту жалғасатын болады. 2015 жылдың 1 тоқсанында 280 орындық 4 б/б ашу жоспарланып отыр. Біреуі 29 ш/а қалған үшеуі 33 ш/а. Нәтижесінде ағымдағы жылы 1400 баланы балабақшамен қамтуға мүмкіндік туып, 3-6 жас аралығындағы балалардың 89,6 % б/б қамтылатын болады. Сонымен қатар, жалға берілген 1120 орындық 4 балабақша ғимараттарын кері қайтару жұмыстары да жалғасатын болады,-дейді қала әкімі Еділ Жаңбыршин.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему