Сұңғат пен Бауыржан дара шықты
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 12:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сұңғат пен Бауыржан дара шықты

2 Марта 2016 (15:52) | 2449 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтаудағы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің қос балуаны Сұңғат Жұбатқан мен Бауыржан Нарбаев самбодан Талдықорған қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында топ жарып, аймаққа жеңіспен оралды.

 

Ел біріншілігінде Сұңғат - алтынды иеленсе, Бауыржан - күмісті қанағат тұтты. Халықаралық деңгейде өтетін Азия және Әлем чемпионатына жолдама тағайындалатын байрақты бәсекеге 400-ге жуық балуан қатысып, боз кілемде белдесті.

 

- Әр жарысқа спортшыларымыз бен бапкерлеріміз үлкен дайындықпен барады. Бұл жолы 26-29 ақпан аралығында 1998-2000 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен жарысқа облыстан 14 спортшы қатысты. Оның 12-сі біздің спорт мектебінің балуандары болатын. Олардың арасынан 56 келі салмақ дәрежесінде белдескен Бауыржан Нарбаев күміс жүлдегер атанды.

Бауыржан - бұған дейін Петропавл қаласында өткен ҚР чемпионатында күміс жүлдені және дзюдодан Атырау қаласында өткен ҚР чемпиоантында қоланы иеленген болатын. Ол дзюдо мен самбо күресінен спорт шеберіне үміткер. Биыл Кореяның Сеул қаласында маусым айында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды, ол жерден өзін жақсы көрсетіп, жеңімпаз атанса, алдағы уақытта қазан айында Румынияда өтетін Әлем чемпионатына қатыса алады,-дейді облыстың самбодан жасөспірімдер арасындағы аға бапкері Ерлан Серіков.

 

 

65 келі салмақ дәрежесінде атағы алысқа жайылған маңғыстаулық балуан Сұңғат Жұбатқан бұл жолы да қарсылас шыдатпай, ел біріншілігінде алтынды иеленіп, жерлестеріне тағы да жеңіс сыйлады. Осылайша, ол ағымдағы жылы өтетін Азия мен Әлем чемпионатында күш сынасу құрметіне ие болды.

 

Сұңғат-осымен бесінші рет ҚР-ның чемпионы атанып отыр. Басқа да дүбірлі додаларда жеңіс тұғырына көтеріліп, қалың көрерменнің көзайымына айналған ол дзюдодан үш рет ҚР чемпионы және самбодан Азия чемпионы, Әлем чемионатының күміс жүлдегері атанған.

 

Білекті балуан 2015 жылдың қорытындысы бойынша «Жыл спортшысы» және «Жас спортшысы» аталымдарын иеленген еді.

-Осы уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктеріммен тоқтап қалмай, күні-түні іздену арқылы, әлі де талай шыңды бағындыру үшін жұмыстанамын.

Ең бірінші ата-анамның, бапкерімнің, маған сенім артқан жерлестерімнің үмітін ақтау үшін тынбай еңбек етемін. Әлі талай жарыстарда облыс қоржынын қомақты жүлделермен толтырамын деген сенімдемін. Енді мені Азия және Әлем чемионаттарында белдесу күтіп тұр ,-дейді Сұңғат Жұбатқан.

 

Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің балуандары жақын күндері Атырауда ересектер арасында спорттық және әскери самбодан өтетін ҚР чемпионатына дайындалуда. Жарысқа облыстан 12 балуан қатысады деп күтілуде.

 

-Аталмыш жарыста спорттық самбодан 57 келі салмақ дәрежесінде белдесетін Мардан Есекеновке және әскери самбодан Асхат Хапановқа (82 келі салмақта), Айболат Мұратұлына (100 келі салмақта) үлкен үміт артамыз, жеңіс тұғырынан көреміз деген сенімдеміз.

Асхат - жақында Байқоңырда өткен халықаралық турнирде күмісті иеленсе, Айболат - 2015 жылы самбодан Атырау қаласында өткен Азия чемионатында алтынды еншілеп, чемпион атанды.

Жалпы жарысқа біздің мектептен сегіз спортшы қатысады. Аталмыш жарыстан топ жарған балуандар ересектер арасында өтетін Әлем және Азия чемпионатына жолдама алады,-деп алдағы жоспарларымен бөлісті облыстың самбодан жасөспірімдер арасындағы аға бапкері Ерлан Серіков.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему