Маңғыстаулық Расул Хатаев ММА-дан әлем чемпионы атанды
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 12:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық Расул Хатаев ММА-дан әлем чемпионы атанды

20 Февраля 2023 (17:59) | 1604 | Автор: Редакция

Маңғыстаулық Расул Хатаев Сербия астанасы Белградта ММА-дан өткен жарыста әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11-18 ақпанда Сербия астанасы Белградта 18-20 жас аралығындағы жастар мен 21 жастан асқан ересектер арасында ММА бойынша әлем чемпионаты өтті. Додаға 60 елден 628 спортшы қатысты. Қазақстан атынан ММА ұлттық құрамасының 33 мүшесі өнер көрсетті.

Расулдың жаттықтырушысы Азамат Абиловтың айтуыншa, финалдық жекпе-жекте спортшы бірінші раундта аяққа ауырту әдісімен Анголадан келген қарсыласы Хелдер Мануэльді ұтты. Осылайша аса ауыр салмақ дәрежесінде ересектер арасында маңғыстаулық Расул Хатаев жеңімпаз атанды.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ересектер арасында командалық есепте 2-орынға жайғасты. 1-орынға Бахрейн мемлекеті, 3-орынға Тәжікстан мемлекеті орналасты.

Айта кетсек, Расул Хатаев өткен жылдың қазан айында Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында өткен жарыста ММА-дан Азия чемпионы атанған болатын.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему