Аймақтың өткен жылы қол жеткізген табыстары жайында
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 20:27
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақтың өткен жылы қол жеткізген табыстары жайында

21 Февраля 2018 (16:24) | 1737 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аймақ тұрғындары алдында есеп беріп, 2017 жылды қортындылады.

 

 

-Экономиканың барлық саласын, әлеуметтік, тұрғын-үй коммуналды және тағы да басқа салаларын цифрландыруға көшіру мақсатында ағымдағы жылы Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау аудандарының 12 елді мекендерін кең жолақты интернетке қосу жұмыстары аяқталады. Қаржысы 100% шешілді. Қалған елді мекендер интернетпен толықтай қамтылған.

 

Облыста 2017 жылы 26 балабақша пайдалануға берілді, оның ішінде 25-і жеке инвестиция есебінен. 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 93%. Жыл соңында бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу жоспарлануда.

 

 

«Облысымызда туу көрсеткіші жоғары. Осыны ескере отырып, үш ауысымды оқытуды болдырмау үшін жаңа мектептер салынуда. Биыл 9 жаңа мектеп пайдалануға. Тағы да 3 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Олар – Ақшұқыр ауылында 600 орындық мектеп, Атамекен және Басқұдық ауылдарындағы мектептерге әрқайсысы 320 орындық қосымша ғимарат», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

 

Аймақтағы ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу туралы.

 

Өңір басшысының мәлімдеуінше, «Облыста бір жылдың ішінде жаңа 12 жылыжай іске қосылып, жалпы саны 27-ге жетті.

 

 

Іске қосылған ірі жобалар:

 - Түпқараған ауданында жылына 650 мың тонна бөтелкедегі түйе сүтін өндеу «Ағарған» зауыты (2018 жылы жобалық қуатына толықтай енеді);

 

- Маңғыстау ауданында «Накхан» және Қарақия ауданында «Сенек» шаруа қожалықтарының қымыз өндеу цехтары (жалпы қуаты жылына 46 мың тонна);

 

- Ақтау қаласында голландиялық технологиямен жасақталған қуаты 1500 тонна көкөніс қоймасының 1-кезеңі (жалпы қуатты 3000 тонна, қазіргі таңда жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде).

 

 

Биыл тағы да 4 жобаны іске асыру жоспарланды:

- Ақтау қаласында салынатын қуаты 4250 тонна  көкөніс қоймасы (МЖӘ арқылы);  

 

- Қарақия (Сенек), Түпқараған (Ақшұкыр) және Мұнайлы (Басқұдық) аудандарында 2 мың тонна көкөніс өнімдерін өсіруге арналған 3 жылыжай.Қазіргі таңда өңірді өз көкөніс тауарымен қамту 10% болса, көрсетілген жобалар іске қосылған кезде бұл көрсеткішті 20%-ға дейін жеткізу мүмкіндігі бар.  2017 жылы Маңғыстау облысында 20 кооператив құрылды».      

 

Суреттерді түсірген Малика Хамракулова

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему