Жаңа газ кенорны ашылды
Курс валют в Актау
на 07/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
7 Мая, 02:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңа газ кенорны ашылды

10 Февраля 2015 (17:16) | 3114 | Автор: Мира Ботабекова

 

Кеше Бейнеу ауданында жаңа газ кенорны іске қосылды. «Шағырлы-Шөмішті» - еліміздегі табиғи газдың мол қоры жатқан ірі кеніштердің бірі. Мұнда жылына 1 млд текше метр табиғи газ өндірілетін болады. Көгілдір отын Ақтаудағы минералды таңайтқыштар шығаратын «ҚазАзот» зауыттың өндірісіне пайдаланылмақ. Бұл кәсіпорынның өнім көлемін екі еселеуге мүмкіндік береді. Жаңа кеніштің ашылуына орай, 200 жергілікті тұрғын жұмысқа қабылданды.

 

 

Табиғи газдың мол қоры бар кеніш өткен ғасырдың 60-шы жылдары табылған болатын. Тек өткен жылы ғана отандық инвесторлар мол қаржы құйып, міне, жаңа кенорнын іске қосты. Мұндағы табиғи газдың қоры 32,4 млд текше метрге жетеді. Кенорнының ашылу салтанатына облыс әкімі Алик Айдарбаев қатысты.

 

 

Алик Айдарбаев, Маңғыстау облысыны әкімі: - Шағырлы-Шөмішті» кенорнын іске қосып жатырмыз. Бұл өте маңызды жоба облыс үшін. Бұл жерде біздің 200-ден астам азаматтарымыз жұмыс жасайтын болады. Жаңа жұмыстар ашылады. Оның 70 пайызы осы Бейнеу ауданының тұрғындары.

 

Жаңа кеніштің іске қосылуын асыға күткендердің бірі – бейнеулік жас маман Нұржан Сынабаев. Мұнайшы мамандығын игерген ол жоғары оқу орнын бітіре салысымен осында жұмысқа қабылданды. Нұржанның жолы болды, ол бұрынғыдай қолмен емес бар жұмысты автоматтың көмегімен жүргізеді. Себебі, кеніштің газ өңдеу технологиясы озық үлгіде жасалған.

 

 

Жұмысшылар үшін кенорны маңынан вахталық қалашық салынды. Мұнда еңбеккерлердің жұмыстан соң тынығып, демалуына барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар жер астынан шыққан газды жинақтап, тазалайтын станса іске қосылды. Стансада сығымдалып, қысымы көтерілген көгілдір отын «Бейнеу-Окарем» газ құбыры арқылы Ақтауға жіберіледі.

 

Нұртас Ермағамбетов, Газ кенорнының техникалық директоры: - Жалпы негізгі біздің міндетіміз Ақтау қаласында орналасқан «ҚазАзот» зауытына өнім өндіруге қажетті табиғи газды жеткізу, зауытты көгілдір отынмен қамтамасыз ету. Ал, артық газ шығарып жатсақ, ол Маңғыстау халқының игілігіне жарайды деген ойдамыз.

 

 

 

Жаңа газ кенорнында әзірге 21 ұңғыма іске қосылып, тәулігіне 600 текше метр табиғи газ өндіре бастады. Мамандар болашақта ұңғыма санын жүзге жеткізіп, көгілдір отын көлемін арттыруды жоспарлап отыр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему