Жас көшбасшылар «JastarOpenTalks» еркін форматтағы пікір алмасу алаңында басқосты
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 11:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жас көшбасшылар «JastarOpenTalks» еркін форматтағы пікір алмасу алаңында басқосты

12 Апреля 2018 (16:55) | 2871 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының жастар ресурстық ортылығының ұйымдастыруымен өңірдегі жастар саясатын жүзеге асыру ісіне жанашырлық танытып жүрген бір топ жас көшбасшылар «JastarOpenTalks» еркін форматтағы пікір алмасу алаңында басқосты.

 

 

Басқосуға Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов, Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының директоры Досан Жеткізген, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Әсет Нұров, Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ильджанов Саламат, IT саласының маманы және «Timur academy» орталығының директоры Тимур Бектұр, Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Фазылбек Абылай, «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының жүргізушісі және әлеуметтік желінің белсенді блогері Әсем Сартбаева, «Назарбаев зияткерлік мектебінің» әдіскері Нұрлан Тайбазаров, жас кәсіпкер Бекмуханбетов Ринат, Ш.Есенов университетінің оқытушысы және Республикалық дебат ойындарының төрешісі Өтегенов Нұрбек, «Жолбаян» радиосының жүргізушісі Ғазиза Бахтиярқызы, облыстық Бекет Ата мешітінің найб имамы Атибеков Елдар, жас кәсіпкер Телеубаев Шамрад, «Бекен жастары жас көсбасшылар достастығының» жетекшісі Мұқаш Уралбаев қатысты.

 

Кездесу барысында Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов өңірдегі жастар саясатын жүзеге асыру бағытында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерді атап өтті және басқосудың мақсаты жайлы жиналғандарға түсіндіре отырып, аймақтағы жастардың тыныс-тірлігіне жаңашыл көзқарастағы тың өзгерістер енгізу бағытында өз ұсыныс, жобаларын айтып, ақылдасу туралы ұсыныс жасады.  

 

 

-Облыс тұрғындарының 30 пайызын жастар құрайды. Жастар саясатын жүзеге асыру бағытында өзгеше, жаңаша түрдегі жобаларды қолға алып, бұрынғыдай көп шараларды өткізуден гөрі, басқа идеяларды қолға алуды жоспарлап отырмыз.

 

Жастарға ағылшын тілін үйрету, туған жер-абгрейт, жастар орталығынан коворкинг орталығын ашу жоспарымызда бар. Қандай бағытта, қандай идеяларыңыз бар, сол жөнінде сіздермен ақылдассақ деген оймен осы кездесуді ұйымдастырып отырмыз, - деді.

 

Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының директоры Досан Жеткізген Орталықтың қызметінің бағыты туралы әңгімеледі, облыстық жастар орталығы жанынан бүгінгі таңда еріктілер корпусы құрылып, табысты жұмыс істеп жатқаны жайлы, құрамында 108 ерікті жас топтасқан жастар ұйымы бүгінге дейін 110 отбасыға қайырымдылық көмек көрсеткені туралы тілге тиек етті.

 

 

Басқосуға жиналғандар өңірдегі жастар өмірін мәнді, мағыналы етуге септігін тигізетін өз ұсыныс, пікірлерін айтып, ойларымен бөлісті. Жас кәсіпкер Бекмуханбетов Ринат өзінің теңіз жағалауында жастарға арналған шағын кітапхана ұйымдастыру туралы жоспарымен бөлісті. Тың идея жиналғандарға ұнады, әрқайсы осы жобаға қатысты өз ойларын білдірді.

 

IT саласының маманы Тимур Бектур жұмысшы жастардың қауымдастығын дамыту жұмыстарын бірізділікке, жүйеге келтіру туралы ойларын ортаға салды.

 

Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Фазылбек Абылай әлеуметтік жобалардың бейнеролигін түсіру туралы пікірімен бөлісті.

 

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ильджанов Саламат жобаларға интернет-алаң жасау идеясын ұсынды.

 

 

Назарбаев зияткерлік мектебінің әдіскері Нұрлан Тайбазаров жастарға кәсіби бағдар беру бағытында мамандық таңдау кезеңіндегі мектеп түлектерін, жасөспірімдерді нағыз кәсіби мамандармен кездестіріп, олардың өз мамандықтарының қыр-сыры, жағымды жақтарымен қатар, денсаулыққа әсері немесе қиындықтары туралы бүкпесіз әңгіме өрбітудің пайдасы туралы ойын айтты.

 

«Бекен» жастары жас көсбасшылар достастығының жетекшісі Мұқаш Уралбаев облыстық Бекет Ата мешітінің найб имамы Атибеков Елдарға жастар арасында діни негізде мотивациялық кездесулер ұйымдастыруды ұсынды.

 

Кездесу соңында әр салада қызмет етіп жүрген, бірақ аймақ жастарының тыныс-тірлігін мәнді, мағыналы етуге өз үлесін қосуға дайын жас көшбасшылар келесі кездескен кезде бүгінгіден де қызықты, тың идеяларын ұсынып, жастар өмірін өзгертуге тың серпін беретіндей өз ұсыныстарын айту жөнінде келісіп, бүгінгідей басқосулардың жүйелі түрде өтуі туралы уағдаласты.    

 

Суреттерді түсірген Абылай Фазылбек

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему