Маңғыстаудағы дүкендерге тұрақтандыру қорынан қант жеткізіле бастады
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 10:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаудағы дүкендерге тұрақтандыру қорынан қант жеткізіле бастады

5 Июля 2022 (18:39) | 1801 | Автор: Редакция

Өңірдегі «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тұрақтандыру қорынан өткен маусым айында 70 кәсіпкер қант алды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы «Каспий» ӘКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

132 тонна қант өңірдегі шағын кәсіпкерлерден бөлек, «Дина», «Анвар», «Идеал Маркет» секілді ірі сауда желілеріне сатылды. «Каспий» ӘКК-нің тұрақтандыру қорына тәтті түйіршіктер  «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК АҚ тасымалданып келді. Енді әлеуметтік-кәсіпкерлі корпорация қантты Жамбыл облысынан да жеткізе бастады. Қазір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорында 195 тонна шекер бар.

-Біз осыған дейін қантты Астраханьнан тасымалдайтын кәсіпкерден сатып алып отырдық. Соңғы шектеулерге байланысты олар жұмысын тоқтатты. Қазір «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қолжетімді бағада ала бастадық. Осы қоймадан қант алуға үшінші рет келіп тұрмын. Қазір 2 тонна қант алып бара жатырмын. Бұл бізге 1 айға жетеді деп жобалап отырмыз, - деді кәсіпкер Мейірбек Мекеев.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің тұрақтандыру қорында қант мөлшері жеткілікті. Қордағы қант қала мен аудандардағы кәсіпкерлік бөлімінің сұраныс хатына сай жеке кәсіпкерлерге сатылады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему