Парасыз қоғам – ұлт болашағы
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 23:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Парасыз қоғам – ұлт болашағы

18 Июля 2017 (11:56) | 3025 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы Қазақстан халқына Жолдауының бесінші  басымдылығын іске асыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ республика аумағында бірқатар жұмыстар жүргізуде.

 

 

Осы мақсатта, 2017 жылы 14 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Парасыз қоғам – Ұлт болашағы!» атты акция аясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің және түзеу мекемелердің жеке құрамымен кездесті.

 

Топ құрамына – мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық департамент басшысының орынбасары Қ.Байгебаев, департаменттің бас маманы Е.Жұмабай, тәуелсіз тілші Н.Окуов, облыстық «Бекет-ата» орталық мешітінің наиб имамы А.Ахельдин, «Бауырлас жауынгерлер» қоғамдық бірлестігінің басшысы М.Шаулиев және «Азаматтық құқық» жеке меншік мекемесінің басшысы А.Байбатырова болды.

 

 

Мобильді топ мүшелері өз қызметінде қолданылатын нысаналы индикаторлар ретінде – мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімін, халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтер көрсетілетін орындарда жедел түрде азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ, Президентіміздің 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жеке құрамның назарына жеткізіп, сыбайлас жемқорлық сипатындағы бейне баяндар мен деректі фильмдер көрсетті. Бұдан басқа, кездесуге қатысқан қызметкерлерден сауалнама алып, ақпараттық парақшалар таратты.

 

 

Сонымен қатар, мобильді топ спикерлері қызметкерлерге республика деңгейінде өтіп жатқан «Есіктен есікке» жобасы бойынша облыстың әрбір отбасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат сипатындағы флаерлер мен буклеттерді коммуналдық төлем түбіртектерімен бірге таратып жатқанын жеткізді.

 

 

-Кездесудің мақсаты – қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды түсіндіру,  мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және республикамызда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылды.

 

Іс-шара соңында «23 Маусым – мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесіне орай мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылған IV Ақтау қалалық ашық «Спорт – денсаулық кепілі» атты спартакиадаға белсенді түрде қатысып, жүлделі орындар алғаны үшін, облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің командасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің «Алғыс хатымен» марапатталды,- дейді осы ақпаратты біздің басылымға жолдаған Маңғыстау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері әділет капитаны Нұржан Жайлыбаев.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему