Ұлттық ойынды ұлықтаған ұштағандық жанұя
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 13:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ұлттық ойынды ұлықтаған ұштағандық жанұя

27 Октября 2021 (14:21) | 1333 | Автор: Редакция

Ұштаған ауылындағы Нұрсебеповтер отбасы тоғызқұмалақ ойынын дамытуға күш салып жүр. Бұл туралы Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 365info.kz

Отағасы Бейсенбек Нұрсебепов – ІІ топтағы мүгедек. Ол А. Өтепбергенов атындағы жалпы білім беретін мектепте технология пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. Шәкірттерге тоғызқұмалақ ойынының қыр-сырын үйретіп жүр. Ол ұлттық ойынның бұл түріне 8 жыл бұрын қызыққан.

  «Тоғызқұмалақ адамға сабырлылықты, қайсарлықты, тәуекел етуді, әрқашан да дұрыс шешім қабылдауды үйретеді. Ойыншының есте сақтау, ойлау қабілетін де арттырады. Мақсатым ауыл балаларын ұлттық ойынға баулу. Алдағы уақытта үйірме ашып, бүлдіршіндерді жарыстарға дайындағым келеді», - деді Бейсенбек Нұрсебепов.

 Зияткерлік ойынды жетік меңгерген Бейсенбек Нұрсебепов жеңістің төрінен көрініп жүр. Облыстық сайыстардың чемпионы, бірінші дәрежелі спортшы, спорт шеберлігіне үміткер. 2021 жылы ҚР мүмкіндігі шектеулі спортшылардың VI спартакиадасында тоғызқұмалақтан II орынға ие болды. Оның 2 ұлы бар. Біреуі 18 жаста, екіншісі он бесте. Екеуі де ұлттық ойынмен бала күнінен таныс. Жолдасы Ғалия да тоғызқұмалақты шебер ойнайды. Өнегелі жанұя ұмыт бола бастаған тоғызқұмалақты жаңғыртуға үлес қосып жүр.

 

 

Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему