Тұтынушы құқығын қорғау көзделді
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 23:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тұтынушы құқығын қорғау көзделді

24 Мая 2016 (14:42) | 6382 | Автор: Нурганым Имашева

 

Биыл Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған орай, өткен аптада Маңғыстау облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен семинар өтті.

 

Жиынға білім, денсаулық сақтау салаларының, құқық қорғау органдарының, шағын және орта бизнес пен ҮЕҰ өкілдері қатысты. Шарада тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тетіктері талқыланды. Кездесуге Астанадан арнайы келген Ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің бас сарапшысы Ермекпаева Розалина Асқарқызы, МО тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Марал Жұмабекқызы Қадыр және басшының орынбасары Милибаева Рабиға Төлеуқызы мен Департаменттің бөлім басшылары, Ақтау қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Назгүл Тұрғаналиева және басқарма мамандары қатысты.

 

Айта кететін жайт, 2016 жылдың 21 сәуірінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев қол қойған тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының 3 Кодексіне және 6 заңына енгізілген. Мұнда тауарларды сатуға, кері қайтаруға және айырбастауға қойылатын талаптар жетілдірілген.

 

Мамандар тұтынушылардың құқығын бұзушылық көбіне қоғамдық тамақтану мен сауда орындарында және коммуналдық қызмет көрсету салаларында орын алатындығына тоқталды. Сондай-ақ, сатушының құқықтары мен міндеттеріне енгізілген негізгі өзгерістер туралы баяндамалар жасалды.

 

МО тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Марал Қадыр:

- Біз заңдарға енгізілген өзгрістерден жағымды қорытындылар күтіп отырмыз, себебі – осыған дейін заңның кейбір талаптары көптеген Кодекстер арқылы бекітілмеген болатын. Енді заң бұзушылықтар бойынша ӘҚБ Кодексі және Қылмыстық Кодекс бойынша көптеген өзгерістер енгізіліп отыр және тұтынушылардың осы өзгерістерді пайдалана білу, яғни құқықтық сауаттылығын арттыру да көзделіп отыр.

 

Мониторинг нәтижесінде анықталған тұтынушылар құқығын бұзушылықтар – бұл қоғамдық тамақтандыру орындары, сауда нүктелері және коммуналдық қызмет көрсету салаларында болып отыр. Бұдан өзге басқа салаларда да тұрмыстық қызмет көрсету, денсаулық сақтау, білім беру салаларында да кемшіліктер, бұзушылықтар байқалады. Дегенмен, олардың пайыздық деңгейлері төмендеу болып отыр.

 

Заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың мақсаты – тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер мен ұсынылатын тауарлардың сапалы болуын, олардың халық игілігіне жұмсалуын сапалы қылуды қамтамасыз ету болып табылады.

 

Осы арада заңдарға енгізілген өзгерістердің кейбіріне тоқтала кетсек.

 

Тұтыншулырады алдау. Мысалы қарапайым сауда орындарында тауардың витринада тұрған бағасы мен кассадан өтетін бағасының екі түрлі болуы. Ол жөнінде қазір тұтынушыларға беріліп отырған заңдағы өзгеріс - тұтынушы оны тікелей суретке түсіріп алып, жедел түрде құқық қорғау органдарына арыздана алады және жедел түрде шарасын ала алады. Одан да басқа кез келген қызмет көрсету барысында ол өзінің қажетті тауар жөніндегі ақпаратты, оның өнімінің сапасы туралы мәліметті сол жерде алуға құқығы бар, ал болмаған жағдайда жедел арызданып, тиісті органға шағымданып шарасын қолдана алады, - деген түсіндірулер жасады.

 

Марал Жұмабекқызының айтуынша, «Қызмет көрсету бойынша заң бұзушылықтарға шара қолдану сияқты толықтырулар енгізілген жаңа заңның өзгерістерінен сала мамандары қажетті шара қолдану бойынша мол мүмкіндіктерге ие болып отыр».

 

Кездесуде қатысушыларға өздерін толғандырған сауалдарын қою мүмкіндігі берілген кезде көпшілігі белсенділік танытып, Комитеттен келген бас сарапшыға көптеген сауалдарын жолдап, оларға тиісті жауаптарын алды.

 

Тұтынушылардың көбіне базардан сатып алынатын ет өнімдерінің, жеміс-жидектердің сапасына, тұрмыстық жабдықтардың сатып алған соң анықталатын ақауларына, кепілдік жөндеуге және Маңғыстау кентіне қатынайтын жолаушылар көлігіне, сонымен қатар дәріханадан сатып алынған соң анықталатын кейбір дәрілердің кемшіліктері кездескенде оларды кері қайтаруға болмайтынына айтар шағымдары біршама екені мамандарға қойылған сауалдардан белгілі болды.

 

«МО тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» ҚБ – нің Президенті Рафикова Никар Маликқызы салада жиі байқалатын заң бұзушылықтарды жіпке тізіп, өңірде тұтынушылар құқығын қорғау кеңесін құру туралы ұсыныс жасады.

 

Заңға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер қызу талқыланып, жиынға қатысушылар оларды құптай отырып, жиі кездесетін заң бұзушылықтар, тұтынушыны алдау сияқты келеңсіздіктерге жол берілмеуін қалайтындарын жеткізді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Марат, 3 Ноября 2016 (09:10)
0 0
Android-приложение ҚР заңы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» - http://goo.gl/a74gBc
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему