Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 16:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы

22 Июля 2021 (14:19) | 1892 | Автор: Редакция

Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде онлайн форматта ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, онда бірнеше мәселе қаралған болатын.

Атап айтқанда, Ақтау қаласы әкімдігі мен Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Тәртіптік істің қозғалуына құқық қорғау органының заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынысы негіз болды. Нақтырақ айтқанда, ұсынуда мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғалары тарапынан азаматтардың өтініштеріне мерзімінде толық жауап берілмегендігі және статистикалық есептің бұзылуы баяндалған.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тәртіптік іс құжаттарын зерделей келе, лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік істі тоқтату туралы шешім қабылдады.

Мұндай шешімнің қабылдануына ұсынуда көрсетілген заңбұзушылықтар ұсыну түскенге дейін қызметшілердің өздерімен анықталып, акті жасақталғаны, кейін Бөлім қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, ағымдағы жыл басынан бері өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағандары үшін Бөлімнің 8 қызметшісі, соның ішінде тәртіптік іс қаралып жатқан Бөлімнің лауазымды тұлғасының да тәртіптік жазасы қаралғаны негізінге алынды.

Сонымен бірге, кеңес мүшелері Бөлімдегі қызметшілердің штат санының жетіспеуі, әрбір қызметші өздеріне белгіленген міндеттерді атқару барысында жүктеменің көптігіне орай физикалық түрде үлгере алмай отырғандығын ескере келе, қызметшілердің теріс қылыққа жол беру деректерімен емес, оның алдын алу бағытында себептерімен күресуге көбірек көңіл бөлу қажет деп тапты.

Одан әрі, Әдеп кеңесінде қаралған келесі мәселе құқық қорғау органының заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынысы негізінде қозғалған Бейнеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғасына қатысты тәртіптік іс.

Тәртіптік істің мазмұнында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан қолданыстағы салық заңнамасын бұзу деректері бойынша тиісті айыппұлдарды өндірмегені, хабарламалардың мерзімінде орындалмауы деректері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мерзімінде қозғалмағаны баяндалған.

Әдеп кеңесінің мүшелері іс құжаттарын зерделей отырып, Бейнеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғасының тарапынан Салық кодексінің талаптары дұрыс талқыланбағаны, соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға берілген бес жыл мерзімді хаттама толтыруға берілген мерзім деп қате түсінуі, әкімшілік хаттаманың дереу толтырылуына тиісті деңгейде бақылау жасамағаны үшін, Әдеп

кодексінің талаптарына сәйкес оған «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады.

Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселе Қызылтөбе ауылдық округінің лауазымды тұлғасына қатысты қозғалған тәртіптік іс. Бұл жағдайда да тәртіптік істің қозғалуына құқық қорғау органынан келіп түскен заңбұзушылықты жою туралы ұсынысы негіз болды.

Ұсынуда аудан прокуратурасымен жер заңнамасының сақталуына, соның ішінде ұзақ уақыттан бері игерілмеген жер учаскелерді анықтау және оларды мемлекет меншігіне қайтару бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, кемшілікке жол берілгенін анықтаған.

Яғни, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, бір азаматқа Қызылтөбе ауылдық округінің лауазымды тұлғасының шешімімен 2018 жылы уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен 3 жылға дейінгі мерзімге жер учаскесі табысталып, кейін лауазымды тұлға жер пайдаланушының жерін мәжбүрлеп алмай, керісінше жер учаскесін уақытша пайдалану мерзімін бір жыл мерзімге ұзарту туралы шешім қабылдаған.

Әдеп кеңесінің мүшелері іс құжаттарды мұқият зерделей келе лауазымды тұлғаға қатысты әдеп кодексінің талаптарын бұзған деп тауып, оған «қатаң сөгіс» сипатындағы тәртіптік жазаны қолдануды ұсынды.

Шешім қабылдау барысында кеңес мүшелері лауазымды тұлға игерілмеген жер учаскесін мемлекеттік меншігіне қайтару бойынша дер кезінде шаралар алмағаны, осылайша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерін тиісті дәрежеде орындамауына және қарамағындағы жер саласы маманынан заңнама талабының сапалы орындалуын талап етпегенін негізге алды.

Сонымен бірге, кеңес мүшелері жоғарыда аталып өткен барлық тәртіптік істер бойынша орын алған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау мақсатында, жоғары тұрған мемлекеттік мекеме басшыларына кінәлі лауазымды тұлғаларға құқықтық көмек көрсету шараларын ұйымдастыру және өз салалары бойынша құзырлы орган өкілдерін қатыстыра отырып түсіндіру іс-шараларын (интернет-конференциялар, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, консультациялық көмек беру т.б.) өткізу бағытында жұмыстарды жандандыру туралы ұсыныстар енгізді.

Кеңес соңында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша баяндамасы тыңдалып, мемлекеттік орган басшысына тиісті ұсыныстар берілді.

Отырысты қорытындылай келе, аумақтық департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов мемлекеттік қызметшілерге күнделікті қызмет барысында қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттілігіне баса назар аударуды түсіндірді.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему