Ақтауда экопункт ашылды
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 20:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда экопункт ашылды

26 Октября 2022 (16:56) | 1126 | Автор: Редакция

Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен «Достық» аялдамасы жанында экопункт ашылды. Жаңа орталық «Vybor_kz» тренинг орталығы, «Grand Mebel», «Altyn Food» және «Dana» супермаркет желілері мен «Mr.President» ораторлық орталығының демеушілігімен өз жұмысын бастауда. Жобаның ұйымдастырушысы -  «Qaita ondeu» серіктестігі, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Экопункт ашылуына Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әбдеш Түркменбаев, «Qaita ondeu» ЖШС директоры Бекжан Турсунмагамбетов, «Синергия» еріктілері және қала тұрғындары қатысты.

 

-Құрметті қала тұрғындарды, баршаңызды бүгінгі Республика күнімен құттықтаймын. Мереке күні жақсы жаңалықтардың бірі - экопунктің ашылуы. Бұл жоба - экологиялық мәселелерді шешуге көмек береді.  Бәріңізге белгілі, қоршаған ортаның тазалығы - бүгінгі таңда әлемдік деңгейдегі күрделі мәселе. Сол себепті әрбіріңізді осындай бастамаларға қолдау көрсетуге шақырамын! Жаңа Қазақстан өзімізден басталатынын ұмытпайық!,- деді қала әкімінің орынбасары Әбдеш Түркменбаев.

 

Жоба 2019 жылы басталып, алғашқы нүктесі Жаңаөзен қаласында ашылған.

 

-Экопункт - тазалық мәдениетін қалыптастырады. Тұрмыстық қалдықтарды өңдеуге тапсыру арқылы әлемді қоқыстан құтқарамыз. Пластикалық бөтелкелерді, қағазды, картон мен алюминий банкаларды, пластик қораптар мен химиялық қалдықтардың флаконын тапсыру арқылы ақша алуға болады. Қала тазалығы, әлем тазалығы өзімізге байланысты екенін естен шығармайық,- деді Бекжан Турсунмагамбетов, «Qaita ondeu» ЖШС директоры.

 

Айта кетейік, жаңа экопунктқа пластикалық қалдықтарды қабылдайтын фандомат қойылды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему