Маңғыстауда жаңа сот іске кірісті
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 18:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда жаңа сот іске кірісті

1 Июля 2021 (13:53) | 2388 | Автор: Редакция

Бүгін Ақтау қаласында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен құрылған Маңғыстау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ресми ашылу салтанаты өтті.

Жиынға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы м.а. Ержан Қарабаев,  облыс әкімінің орынбасары Абзал Меңдібаев, Ақтау қаласының әкімі Нұрдаулет Қилыбай, сот төрағалары мен судьялар, прокурорлар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары және депутаттар қатысты.

Жаңадан құрылған сот жеке азаматтар мен бизнестің әкімшілік органдармен арасындағы дауларды қарайтын болады.

Судьялар жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (ӘРПК) ережелеріне сай іс жүргізеді.
Ержан Қарабаев Маңғыстау өңірінің дамуындағы ӘРПК-нің маңыздылығына тоқталды.

«Өзге елдерде әкімшілік әділеттің нәтижесінде жария-құқықтық даулардың 84%-ы азаматтар мен бизнестің пайдасына шешіледі екен. Сондықтан әкімшілік әділет құрылымының біздің елде де уақыт созбай  іске асырылуы – үлкен үміт сыйлайды. Себебі мемлекеттік орган өз шешімінің заңдылығы мен негізділігін дәлелдей алмаса, ұтылатын болады», - деді Ержан Қарабаев.

Алдағы уақытта мемлекеттік органдардың үстінен түсетін талап арыздар саны күрт өсуі мүмкін. Сот төрағалары мен судьялар мұндай жүктемеге дайын екендерін жеткізді.

Жаңа сот ғимаратында азаматтарды қабылдау, кеңес беру қызметін көрсететін фронт офис, күту залы, АВФ және өзге де техникалық құралдармен жабдықталған сот залдары бар. «Төрелік», «е-Өтініш» жүйелері мен «Сот кабинеті» сервисі қосылған, азаматтарға онлайн және оффлайн қызмет көрсету ыңғайлылығы қарастырылған.

Жиында мемлекет басшысының 28.06.2021 жылғы Жарлығына сәйкес тағайындалған Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (жаңадан құрылған) төрағасы, Маңғыстау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының (жаңадан құрылған) төрағасы мен судьялары таныстырылды.

Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының  төрағасы болып Исатай Маратұлы Сматов тағайындалды. Ол бұған дейін Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметін атқарған.

Маңғыстау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы болып Серік Сәбитұлы Жұмабаев тағайындалды. Ол 2017 жылдан бүгінге дейін Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы қызметін атқарған.

Сонымен бірге осы соттың судьялары болып Ақтау қаласының №2 сотының судьялары қызметін атқарған Мұхит Хамзаұлы Мұқашев пен Бағдат Бақашарұлы Байғожаев тағайындалды.
Жаңа сот Ақтау қаласы, 8 шағын аудан, 39В ғимаратта (Экономикалық соттың бұрынғы ғимараты) орналасқан.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему