Маңғыстаулық жас каратэшілер ел Біріншілігінен 3 алтынмен оралды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 00:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық жас каратэшілер ел Біріншілігінен 3 алтынмен оралды

6 Апреля 2018 (21:10) | 1847 | Автор: Нурганым Имашева

Астана қаласында 23-25 наурыз аралығында каратэ-до спортынан өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты Мұнайлы ауданынан барған жасөспірімдер үшін табысты өтті.

 

 

Жас спортшылар аталған дүбірлі додада каратэ-доның Шито-рю стилі бойынша бақтарын сынаған болатын.

 

Мұнайлы ауданының бұл сайысқа қатысқан 23 спортшысының 10-ы түбекке жүлделі оралды. Үшеуі – І орынды жеңіп алып, алтыннан алқа тақса, бір спортшы – күміс жүлдегер атанған, ал алты жасөспірімге – қола медаль бұйырыпты.

 

 

Жасөспірім спортшылар ел біріншілігіне Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Ерлан Сәрсенов,  Айбек Төребаев есімді бапкерлерінің жетекшілік етуімен дайындалған.

 

Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар:

І орын - Мадияр Баймұрат (8-9 жас, -30 кг) Азат Ягумур –  І орын (10-11 жас, -35 кг), Айдос Мұхат – І орын (12-13 жас) Сағыныш Смағұл – ІІ орын (8-9 жас, - 45 кг) Темірлан Кисанов – ІІІ орын (12-13 жас, - 35 кг) Жанғазы Наптал – ІІІ орын (12-13 жас, -35 кг) Асылжан Серік – ІІІ орын (10-11 жас, - 30 кг) Ақылжан Хадырбаев – ІІІ орын (10-11 жас, - 45 кг) Руслан Еркін – ІІІ орын (8,9 жас, -40 кг) Сүндет Қожаев – ІІІ орын (16-17 жас, -68 кг).

 

 

Алтыннан алқа таққан ең жас, 9 жасар чемпион Мадияр Баймұраттың  алғашқы қарсыласы Алматы қаласынан болса, екінші кездесуін Астана қаласының спортшысымен өткізген, үшінші ретте Көкшетаудың каратэшісімен кездесіп, финалда –Шымкенттің үздік спортшысынан 2:1 есебімен басым түсіп, жеңіске жетіп, биік тұғырға көтерілген.

 

Алтын алған ең жас чемпион Мадияр Баймұрат:

-Мен каратэге 5 жасымнан қатысып жүрмін. Мені спортқа әкем алып келді. Мектепте үздік оқимын. Жарыстағы қарсыластарым осал болмады, сонда да мен намысты қолдан бермедім.

 

Алтын медальдің иесі атанып, чемпион атанғанғаным үшін қуаныштымын. Ата-анамның, жаттықтырушы ағайларымның, елімнің үміттерін ақтағаныма қуанамын.

 

Алдағы жарыстарда да осындай жеңістерге жетуге талпынатын боламын. Үлкен сайысқа дайындаған бапкер ағайларыма алғысым шексіз,- дейді жас чемпион қуанышымен бөлісіп.

 

 

Маңғыстаудың абыройын асқақтатып, намысын қорғаған жас каратэшілерді жеңістерімен құттықтаймыз. Келешекте биік шыңдарды бағындырумен  үнемі жеңіс тұғырынан көрінулеріңізге тілектеспіз.

 

Суреттерді түсірген Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему