Неліктен азық-түлік бағасы қымбаттады?
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 10:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Неліктен азық-түлік бағасы қымбаттады?

12 Июня 2021 (10:30) | 866 | Автор: Редакция

Өңірде жыл басынан бері қантқа – 22,7%, картопқа – 30%, пиязға – 18,7%, сәбізге – 24%, қырыққабатқа – 13,4%, күнбағыс майына – 12,4%, баға өсімі байқалады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте  Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының сауда және баға мониторингі бөлімінің басшысы Әли Сәрсенов айтты.

Тауарбағасының өсуі маусымдық сипатқа ие және өндірушілердің сату бағасы көтерілуіне байланысты болып отыр. Жалпы республика көлемінде баға өсімі байқалады. Баға өсімінің негізгі себептері импорт үлесінің 50%-дан жоғары болуы, сауда инфрақұрылымының төмен дамуы, заманауи көтерме тарату орталықтарының және коммуналдық базарлардың болмауы, бағаның қалыптасуына тікелей байланысты нарықта делдалдардың көп болуы, нарықтың олигаполиялық сипаты және бәсекелестіктің болмауы, азық-түлік өндірісінің жергілікті үлесінің төмен болуы. Дегенмен өңірде 2 аптаның ішінде көкөністердің бағасы қалыпқа түседі.

Мамандардың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының рұқсат етілген бөлшек сауда бағасын белгілеу жөніндегі комиссияның 2 отырысы өткізілді. Алғашқы отырыста тауық жұмыртқасы 453 теңгеге бекітілсе, сұйық майға бағаны бекіту шешімі кейінге қалдырылды.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасын негізсіз өсіруін болдырмау мақсатында Ақтау қаласы әкімдігімен Дина, Анвар гипермаркеті, Аман, Дана, Нұр, Алтын фуд, Гуд Маркет, Лидер супермаркетімен меморандум 1 шілдеге дейін ұзартылды. Тауық жұмыртақысын жеткізуші ЖК Шагирова және ЖК Туралиевамен жұмыртқа өнімінің негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында екі жақты меморандум жасақталды. Сондай-ақ қала тұрғындары үшін қол жетімді бағада 26 шағын аудан «Қасиет» медициналық орталығының алдында әр аптаның сенбі және мереке күндері жәрмеңке өткізіледі»,-деді Ақтау қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Тілеген Едігеев.

Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері 160 жәрмеңке өткізілді. Облыстың барлық қала мен аудандарында жәрмеңкелер тұрақты түрде апта сайын ұйымдастырылып тұрады.

 

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы 

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему