ҰҚК есірткіге қарсы 47 арнайы операция жүргізді
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 06:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

ҰҚК есірткіге қарсы 47 арнайы операция жүргізді

27 Апреля 2023 (18:00) | 2206 | Автор: Редакция

 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері есірткі тасымалының 8 халықаралық және 14 өңірлік арнасын жойдыSputnik порталы хабарлайды.

ҰҚК ақпаратынша, есірткіге қарсы 47, оның ішінде Ресей, Қырғызстан және Австралияның құзыретті органдарымен бірлескен операциялар жүргізілді. Нәтижесінде есірткі тасымалының 8 халықаралық және 14 өңірлік арнасы жойылды.

 
"Жыл басынан бері есірткі құрылымдарының 67 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 483,2 кг психотроптық зат, 11 кг героин, 32,8 кг апиын, 63,7 кг гашиш, 41,6 кг марихуана және 17 тоннадан астам көкнәр шикізаты, сондай-ақ 22 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды", - делінген хабарламада.
 
Атап айтқанда, Ауғанстаннан Қазақстанға контрабандалық жолмен 5 кг героин және 48 кг метамфетамин жеткізуді ұйымдастырған шетелдік ұсталды.
Ауған опиаттарын есірткі трафиктерін қалыптастыру елдерінен Қазақстанға контрабандалық жолмен тасымалдауға қатысы бар есірткі тобының жолы кесілді. Олардан 1 кг героин, 2 кг апиын және 14 кг гашиш тәркіленді.
Каспий су айдыны арқылы Ираннан Қазақстанға опиаттарды жеткізудің тұрақты арнасы жойылды. Жылдам қайықтарды пайдаланып, контрабандалық жолмен 30 кг апиын және 100 метадон таблеткаларын жеткізген төрт шетелдік ұсталды.
Бірінші тоқсанның өзінде 8 ауқымды есірткі зертханасы жойылған. Заңсыз айналымнан 73 кг "мефедрон" және 223 кг "α-PVP" психотроптық заты алынды.
"Егер бұрын синтетика өндірісі Алматы және солтүстік облыстарға тән болса, бүгінде олардың орналасуы біртіндеп басқа аймақтарға таралуда. Мысалы, Түркістан облысында көрші елдердің есірткі нарығына жеткізуге арналған психотроптық заттардың шетелдіктер ұйымдастырған ауқымды өндірісі тоқтатылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында өз өнімдерімен ішкі есірткі нарығын қамтамасыз етіп келген ірі есірткі зертханалары табылды", - дейді ҰҚК.
Ведомство ақпаратынша, аталмыш "дизайнерлік есірткілерді" өндіру алаңдарының орналасуы мен сатылуы бойынша еліміздің мегаполистері әлі күнге дейін алдыңғы қатарда.
ҰҚК есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша шараларды күшейтілген режимде жалғастырады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему