Маңғыстау тұрғындары кез келген құқық бұзушылық туралы полицияға ″102″ мобильді қосымшасы арқылы хабарлай алады
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 06:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау тұрғындары кез келген құқық бұзушылық туралы полицияға ″102″ мобильді қосымшасы арқылы хабарлай алады

12 Февраля 2021 (12:01) | 1506 | Автор: Редакция

1 ақпаннан бастап ҚР ІІМ халыққа ыңғайлы жаңа сервис - " 102 " мобильді қосымшасын іске қосты.

 

 

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев бұл қосымша полиция қызметкерлерінің оқиғалар мен азаматтардың хабарламаларына жедел әрекет ету мақсатында жасалғанын атап өтті.

 

Мобильді қосымшаны қолданудың артықшылықтарының бірі - болып жатқан оқиғалар туралы қысқа хабарламалар мен фото, видео жіберу мүмкіндігі.

 

Сондай-ақ, оқиға орнынан тікелей бейне қоңырау шалуға болады, бұл ЖБО операторына не болып жатқанын көруге және дереу тиісті шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

 

"102" мобильдік қосымшасы арқылы азаматтар:

 

  • полицияға құқық бұзушылық туралы – Жол қозғалысы ережелерін бұзу, ЖКО, отбасылық жанжалдар, балаларға немесе жануарларға қатыгездікпен қарау жағдайлары, бұзақылық әрекеттер, төбелес, тыныштық режимін бұзу, қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу және басқа да көптеген хабарламалар жіберу;

  • ішкі істер органдарына өтініш беру;

  • оператормен аудио - және бейне қоңырау жолымен байланысу, бұл ретте қоңырау шалушының орналасқан жері автоматты түрде анықталады, оператор болып жатқан жағдайды көре алады және шұғыл ден қою шараларын қабылдай алады;

  • полиция қызметкері тарапынан сыбайлас жемқорлық, қорқытып алушылық фактісіне тап болсаңыз, ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметіне жүгіну.

 

Ведомство басшысы қосымшаның көмегімен және азаматтардың белсенділігінің арқасында полицияның жедел әрекет етуі, қылмыстарды ашу кезіндегі тиімділік артатынын, ал көптеген құқық бұзушылықтардың алдын алуға және болдырмауға болатынын айтты.

 

"Ең үлкен жетістікке құқық қорғау органдарымен бірге халық белсенділік танытқан жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан, құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, біз сізден қылмыстар мен оқиғалар туралы хабарлауды, қылмыс немесе құқық бұзушылық жасаған адамдар және басқа да сенімді фактілер туралы ақпарат беру арқылы жасалған қылмыстарды, құқық бұзушылықтарды ашуда полиция қызметкерлеріне көмек көрсетуді сұраймыз. Полиция оны қорғауды қажет ететіндердің барлығына дереу көмекке келеді", - деді облыстың бас полиция қызметкері азаматтарға.

 

Жаңа ыңғайлы сервис азаматтарға 1 ақпаннан бастап қолжетімді. Қосымшаны Android жүйесіндегі смартфондарға арналған Play Market-тен және IOS жүйесіндегі смартфондарға арналған App Store-дан жүктеуге болады.

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему