Пара алып, қылмыстық жауапкершілікке тартылумен қатар қызметінен кетті
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 12:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Пара алып, қылмыстық жауапкершілікке тартылумен қатар қызметінен кетті

3 Апреля 2020 (16:26) | 1704 | Автор: Нурганым Имашева

-ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ҚР ҚПК-нің 200-бабының тәртібімен енгізілген ұсыныс облыстық Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің онлайн режимде өткізген шұғыл мәжілісінде қаралды.

 

 

Мәжілісте Мұнайлы аудандық пробация қызметі бөлімінің бұрынғы бастығының жасаған сыбайлас жемқорлық қылмысы қаралды. Атап айтқанда, оның өз өкілеттілігін пайдаланып, пара алғаны талқыланды. Осы заңсыз әрекеттері үшін ол қылмыстық жауапкершілікке тартылумен қатар, құқық қорғау органдарынан теріс себептермен шығарылғаны, ал оның тікелей басшысы лауазымынан босатылғаны айтылды,- деп мәлімдейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жиын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары С.Қаныбеков, аса маңызды істер жөніндегі тергеушілер А.Атчибаев пен З.Абишаева, облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Ж.Басаров және сол Департамент қызметкерлерінің қатысуымен өткен.

 

-Біздің тарапымыздан осы Департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының талаптарын бұлжытпай орындауына бұдан әрі де көңіл бөлінетіні айтылды,- делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінен келіп түскен ақпаратта.

 

 

Суреттер Департаменттің баспасөз қызметінен

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему