2021 жылы: МӘМС үшін кім, қанша төлейді?
Курс валют в Актау
на 03/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Мая, 19:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

2021 жылы: МӘМС үшін кім, қанша төлейді?

8 Января 2021 (12:21) | 2036 | Автор: Редакция

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) іске асыру басталғаны белгілі. МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған адамдардың қызметтер пакетіне тең қолжетімділігіне негізделген. Бұл ретте МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде пациент медициналық қызметтердің көлемі мен құнын шектемейді.

 

 

Қазіргі уақытта медициналық қызметтер екі пакет бойынша көрсетіледі: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (МӘМС). Бұл бағытта 2021 жылы жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда Қазақстандықтарда медициналық сақтандыру үшін кімге, қайда және қалай төлеуге болатыны туралы сұрақтар қалып отыр.

 

Біз келесі алгоритмді ұсынамыз:

 

Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді ыңғайлы тәсілмен тексеріңіз:  

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайты арқылы (оң жақтағы төменгі бұрыштағы қалқымалы жасыл шеңберді басып, ЖСН енгізіңіз)

 

egov.kz электронды үкімет порталы арқылы (жеке кабинетте және «Денсаулық сақтау» бөлімінде)

 

Telegram-дағы Saqtandyru-bot  арқылы (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін анықтау»)

 

Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы  (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін анықтау»)

 

МӘМС үшін қанша төлейді?

 

Егер сіз МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болсаңыз, жарна төлеуші санатына қарай МӘМС үшін ай сайын төленетін жарна мөлшерін анықтап алыңыз: 

 

Азаматтардың 15 жеңілдігі бар санаты – жарнаны мемлекет төлейді 

 

Жалдамалы жұмыскер – жұмыс беруші бухгалтериясы жалақының 2%-ы мөлшерінде және жалақы қорынан 2% мөлшерінде төлем жасайды.

 

Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығы иелері, жеке практикамен айналысатын тұлғалар – 1,4 ең төменгі жалақының 5%-ы мөлшерінде (ЕТЖ 2021 жылы да 42 500 теңгені құрайды, сондықтан төлем мөлшері бұрынғыдай  – 2975 теңге).

 

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар (жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, жалдамалы жұмыскерлері жоқ, қызмет көрсететін тұлғалар) / бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер – 1 АЕК (01.01.2021 ж. 2917 теңге) республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін; басқа елді мекендер үшін – 0,5 АЕК (01.01.2021 ж. 1458,5 теңге).

 

Дербес төлеушілер –1 ЕТЖ-ның 5%-ы мөлшерінде (ең төменгі жалақы өзгермегендіктен, 2021 жылы да 2125 теңге).

 

Азаматтық-құқықтық негізде шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалар – табысының 2%-ы мөлшерінде, ең жоғарғы төлем 8500 теңге (яғни 10 ЕТЖ-ның 2%-ы, 425 000 х 2% = 8 500).

 

МӘМС үшін төлемді қайдан жасауға болады?

 

- екінші деңгейлі банктер және олардың интернет-сервистері арқылы;

 

- Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы;

 

- «Казпочта» АҚ бөлімшелері арқылы;

 

- төлем қабылдау терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.) арқылы;

 

- медицина ұйымдарындағы төлем қабылдау терминалдары арқылы жарна төлеп, МӘМС жүйесінде сақтандырыла аласыз.

 

Фото inform.kz

 

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" филиалы» 

Маңғыстау облысы бойынша

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему