Төтеншеліктер «Қауіпсіз балалық шақ!» акциясын өткізді
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 19:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Төтеншеліктер «Қауіпсіз балалық шақ!» акциясын өткізді

18 Марта 2017 (15:19) | 3025 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері білім ошақтарында «Қауіпсіз балалық шақ!» тақырыбында акция жүргізді.

 

Іс шара Ақтау қаласы, 9 шағын ауданда орналасқан «№11 мамандандырылған физика- математика мектебі» КММ-нің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Утепбергенова Светлана Аскаровнаның ұйымдастыруымен 5-ші сынып оқушылары арасында өтті.

 

Жиын барысында балаларға өрт қауіпсіздігі туралы ақпараттар беріліп, Төтенше жағдай орын алғанда ең алдымен не істеу керек? Кімді көмекке шақыру керек? Оттан өзімізді қалай алып шығамыз? - деген сұрақтар төңірегінде кеңінен сұхбат жүргізілді.

 

Балаларға бейне материалдар және видеороликтер көрсетіліп, өрт қауіпсіздігінің алдын алу туралы жадынамалар таратылды.

 

Жиынға жалпы саны 100-ге жуық оқушылар мен ұстаздар қатысты.

 

Сонымен қатар, «Қауіпсіз балалық шақ!» акциясы Ақтау қаласы, 33 шағын ауданда орналасқан «№17«Мәншүк» балабақшасы»КММ-де жалғасын тапты.

 

Мұнда бүлдіршіндер Ақтау қаласының ТЖБ қызметкерлеріне акцияға арнайы дайындаған өлең шумақтарын айтып берді. Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының тәлімгерлері де балаларға арнап дайындаған қызықты бейне материалдарын түсіндіріп берді.

 

Бейне материалдардың мазмұны өрт қауіпсіздігі қызметіндегі - алғашқы өрт сөндіру құралдары, өрт сөндіру автокөліктері және өрт сөндірушінің қызметтік киімдері туралы болды.

 

-«Қауіпсіз балалық шақ!» акциясы кішкентай бүлдіршіндер қандай да бір төтенше жағдай орын алғанда алғашқы іс әрекеттерді біліп жүрсін деген мақсатта жүргізілді, - дейді шараны ұйымдастырушы Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему