Шетпедегі «Жаңа орпа» шағын ауданында салынып жатқан жолдың сапасы тексерілді
Курс валют в Актау
на 03/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Мая, 02:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шетпедегі «Жаңа орпа» шағын ауданында салынып жатқан жолдың сапасы тексерілді

19 Августа 2020 (11:38) | 2513 | Автор: Нурганым Имашева

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Маңғыстау облыстық филиалдың жол инженерлері осы жылдың 16 шілдесі күні Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе елді мекеніне барды.

 

 

Қазір «Жаңа орпа» атты шағын аудандағы автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мердігер мекеме - «Абат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 

Маңғыстау аудандық ТҮКШ бөлімі ұлттық жол сапа орталығы филиалымен әріптестік келісімшартта отыр.

 

Жолдың сапасын бақылау шарасына серіктестік және мемлекеттік мекеме өкілдері А.Жұмалиев пен Б.Абаев, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің арнайы мониторингтік топ жетекшісі С.Мұңалбаев қатысты.

 

 

-Сонымен, «Жаңа орпа» шағын ауданы №2 көшесі бойындағы асфальт жолдан 6 сынама алынды. Оның екеуінің ғана сапасы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес. Қалғаны төртеуінен бірқатар кемшіліктер анықталды.

Бақылау шарасының қорытындысы құзырлы органға, әлгі жолға тапсырыс беруші мемлекеттік мекеме және мердігер мекемеге қызметтік хат түрінде жолданды.

Бақылау шарасы дәл осы күні «Ащыбұлақ» шағын ауданындағы Е.Қосбаев атындағы көше жолы мен №7 орта мектеп - «Каспий цемент» зауыты аралығындағы трассада да жүргізілді.

Ол жерден алынған 7 сынамаға зертханалық жағдайда талдау жасалды. Ешқайсы да нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келмейді,- деп хабарлайды «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

 

Суреттер баспасөз қызметінен

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему