Конституция – ел тәуелсіздігінің кепілі
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 19:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Конституция – ел тәуелсіздігінің кепілі

29 Августа 2017 (19:25) | 3366 | Автор: НЪ

 

Қазақстан Республикасы Конституциясы 1995 жылы 30-шы тамызда Республикалық референдумда қабылданды. Ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы өзінің ата-бабасы мекен етіп келген тарихи қазақ жерінде мемлекеттігін құрып, еркіндік, теңдік, татулықты мұрат тұтқан бейбіт азаматтық қоғамда, әлемдік қоғамдастықта лайықты орын алып, болашақ ұрпақ алдындағы жоғары жауапкершілікте болып, егеменді еліміздің құқықтары негізінде осы Конституциямыз қабылданған болатын.

         Конституция - еліміздің ең маңызды саяси – құқықтық құжаты болып табылады. Ол өмір сынынан өтіп өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Тәуелсіз еліміздің негізгі заңы, халқымыздың құқықтық мәдениетінің негізін қалаған, қоғамыздың одан әрі даму деңгейіне сәйкес келетін құқықтық гуманитарлық тұжырымдамасы бола білді. Сөйтіп, Конституциямыз еліміздің бүкіл нормативтік-құқықтық базасын қамтамасыз етіп, мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару құрылымдарының, жеке азаматтардың қызметін заң аясында жүзеге асыруына негіз қалады. Қазір қоғамымыздағы барлық құқықтық міндеттер осы негізгі Заң – Конституция негізінде жүзеге асуда. Қалыптасқан түрлі қарым-қатынастар осы Конституция арқылы реттеліп отырады. Мұнда мемлекеттік органдар қызметінің бірынғай жүйесін қамтамасыз ету ерекше маңызға ие. Бұл негізгі заңымыздың ең басты талабы.

         Конституциямыздың 1-ші бабына сәйкес, еліміз - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып табылады. Оның ең басты құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

         Ал, ол құндылықтарды қадағалау, адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет пен заңды тұлғалардың, азаматтардың мүддесін қорғап заңдылықтың сақталуын қадағалап, қамтамасыз ету – прокуратураның міндеті.

         Прокуратура органы өз міндеттерін әрдайым адал атқарып, абыройымен орындап келеді.

         Республикамызда демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнықты, адам мен азаматтардың өмірі, құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етілді. Мұның нәтижесінде қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылыққа, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық дамуға, қол жетті.

         Конституциямыз қабылданғаннан бері өткен 22 жыл тәуелсіз мемлекетіміз үшін оның әрбір азаматы үшін аса маңызды кезең.

Ал, прокуратура органы осы кезең ішінде өз міндетін абыроймен атқарып, ел Конституциясын берік ұстанып, оның талаптарын өмірге енгізіп, қоғамдық дамуды одан әрі нығайтуда әрдайым алғы сапта болды.

Ата заңымыз белгілеп берген міндеттерді жүзеге асырып, абыроймен атқару алдағы уақытта да жалғасын таба беретініне сенімдіміз.

Маңғыстау облысы прокуратурасының

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему