Заман көшінен қалмауды мақсат еткен жастар ағылшын тілін үйренуді қолға алды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 19:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Заман көшінен қалмауды мақсат еткен жастар ағылшын тілін үйренуді қолға алды

4 Апреля 2018 (10:39) | 1615 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының қызметкерлері ақпан айынан бастап ағылшын тілін үйренуді бастады. Бүгін Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов «Жастар үйінде» болып, Орталық қызметкерлерінің ағылшын тілін үйрену сабағына қатысты.

 

 

Бауыржан Орынбайұлы жастарға шетел тілін үйренудің маңызы, ҚР Президенті өз Жолдауында айқындап берген «Цифрлы Қазақстан» жобасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа технолгияларды жетік меңгеру үшін ағылшын тілін терең оқып-үйренудің қажет екенін түсіндірді.

 

-Жастар орталығындағы ағылшын тілін үйрену курсы - менің ойымша,  Орталықтағы жас мамандарға өте қажает. Себебі – қазіргі таңда ағылшын тілін үйрену өзекті мәселенің бірі, өйткені дүниежүзінде түрлі технологиялық өзгерістер болып жатыр, біздің өзіміздің елімізде үлкен-үлкен жобалар іске асырылып жатыр, Eлбасымыз IV революциялық жағдайда жүзеге асыруға тиістіміз деген үлкен-үлкен жобаларды анықтап берді.

 

«Өзінің тілін, мәдениетін білетін, сонымен қатар жаһандық көзқарасы бар азаматтар –қоғамның идеалы»,-деп Елбасы атап өткен болатын.

 

Жастарға ағылшын тілін үйрену курстарын бастап кеттік, оларға қазір тілді үйретіп, оқытып жатырмыз.

 

 

Ағылшын тілі қазір өте қажет құрал, себебі жаңа нәрселерді үйренуге, дүниежүзінде болып жатқан трендтер дейміз, жаңа нәрселерді білуге осы ағылшын тілі үлкен жол ашады. Сондықтан біздің жастарымыз білуі керек, басқа елдің жастарымен бәсекеге қабілетті болуы керек. Себебі біз көріп отырмыз, Малайзия, Сингапур мемлекеттері кезінде осы ағылшын тілін жоғары қойып, қазір үлкен жетісітіктерге қол жеткізіп отыр.

 

Әрине, біз жастарға айтып отырмыз-өз ана тіліміз бен мәдениетімізді біле отырып, біз - шетел тілін білуден, әлемдік жаңалықтардан құр қалмауымыз керек, әсіресе -жастар. Сондықтан осы жастар орталығында біз жастарға ағылшын тілін үйретуді бастадық. Сәтін салса, алға қарай қатысушылар санын көбейтіп, шетелдік маманды шақыру арқылы тілді тереңдетіп оқытуды қолға алуды ойластырып отырмыз.  Жастар талаптанып, тілді жақсы меңгеретін болса, жылдың аяғына дейін олар қабілеттерін ұштай түсетініне біз сенімдеміз, оларды көріп, басқа жастар да келеді, яғни өзге жастарға бұлар үлгі болады.

 

 

Қазір курстағы сабақтар аптасына екі рет өткізіліп жатыр, жастар жұмыс уақытында бір сағатын осылайша тіл үйренуге арнауда. Мысалы дүниежүзіндегі алапауыт елдердегі үлкен жетістікке жеткен адамдарды алар болсақ, Фейсбуктің қожайыны Марк Цукерберг немесе «Mickrosoft» компаниясының басшысы болған Билл Гейтс сияқты азаматтар, олар жұмысын жасай отырып, күнде-күнде осылай өз-өзін жетілдіруге: тіл үйренуге, кітап оқуға бір сағатын, яғни аптасына бес сағатын арнаған кезінде, ал демалыс күндерінде отбасымен бірге демалуға уақыт бөлген. Осындай жағдайы жақсы, үлкен жетістіктерге жеткен азаматтар әлі күнге дейін өз-өздерін жетілдіріп отырады, уақыт табады.

 

Ал бізде қарбалас тірлікті сылтау  етіп, көбіне уақыттың тапшылығын себеп қылып, өзімізге пайдалы нәрседен құр қаламыз.

 

Қазіргі заманда ол бос сөз болады «уақыт жоқ» деген сөз, қазіргі қойылып отырған мақсат, талаптар басқа, сондықтан біз жастарға ағылшын тілін үйретуді бастадық. Құдай қаласа, осыны алда басқаша дамытамыз деп отырмыз. Ол тек курспен шектеліп қалмайды. Жастарымыз тілді еркін меңгерген соң бір шетелдік ЖОО-мен байланыс орнатып, семинар-тренинг ұйымдастырып, олардан жастар тәжірибе алады, жастарымыздың шетелдіктермен еркін тілдесе алуына мүмкіндік жасаймыз. Біз сондай креативті болуымыз керек. Көзқарасымызды, таным көкжиегімізді өзгертуіміз қажет, заман талабына сай,- деген ойымен бөлісті Басқарма басшысы Б.Тұяқов.

 

 

Жастар шет тілді зор қызығушылықпен үйренуде. Заман талабына сай болуды мақсат еткен Орталықтың  жас қызметкерлері ағылшын тілінде бір-бірімен ауызекі тілде диалог құрып, өзара әңгімелесе отырып, пікір алмасу, түрлі тақырыптарға әңгіме құрастыруға машықтануда.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының «Ақпарат және БАҚ-пен байланыс бөлімі»

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему