Жол сапасы - басты назарда.
Курс валют в Актау
на 03/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Мая, 22:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жол сапасы - басты назарда

28 Марта 2020 (14:13) | 2468 | Автор: Нурганым Имашева

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Маңғыстау облысындағы автокөлік жолдарының сапасы «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны өңірлік филиалы қызметкерлерінің жіті бақылауында.

 

 

Қолданыстағы көлік жолдарының қазіргі жағдайы, оның кем-кетігін түзеу мамандар күнделікті жүргізетін бақылау жұмыстары арқылы ұдайы назарда ұсталып келеді.

 

Айнадай тегіс болып көрінгенімен трасса құрылысына қолданылған жол материалдарының сапасын тек зерттханалық талдаумен ғана білуге болады. Осы мақсатта мамандар аптасына бірнеше рет жолға шығып, сынамаларды алады. Асфальт жабындыны бұрғылау арқылы алынатын үлгі «керн» деп аталады.

 

Бірер сағат вакуммдық қондырғыда ұстау арқылы алдымен жол материалының тығыздығы өлшенеді. Бойына су сіңіру нәтижесі де журналға жазылады. Бұл жазбалар трасса құрылысына жауаптыларға қызметтік хат түрінде жіберіледі».

 

Тек былтырғы жылы облыс көлеміндегі республикалық маңыздағы жолдарда 220 рет бақылау шаралары жүзеге асқан. Анықталған кемшіліктерді филиал директоры Елтай Таялиев баяндап берді.

 

-Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түркіменстан Республикасының шекарасы» бағытындағы көлік жолының 0-35 бөлігін жөндеу-күтіміне «Ақ жол құрылыс» деген серіктестік жауапты. Аталған жерге біздің қызметкерлер өткен жылы 67 рет барып, жолға төселген материалдардан сынамалар алды. Зертханада тексерілген соң бірқатар сынама нәтижесі талапқа сай емес болып шықты.

 

 

Сондай-ақ жол белдеуін бекіту жұмыстарына бір текті емес материал қолданылған. Жол төсемдері су құйылмастан салынып, тапталып тегістелген екен. Осы кемшіліктерді түзеу үшін мердігер мекеме, оған тапсырыс беруші «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ Маңғыстау филиалына 51 рет хат жолданды» - дейді Елтай Құспанұлы.

 

«Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» бағытындағы жолдың 0-63 және 63-85 шақырымына «Теміржол жөндеу» серіктестігінің мердігер мекемесі жөндеу жүргізген. Ол жерлерден 600-ден астам сынама алынып, оның жартысына жуығының сапасы талапқа сай болмай шыққан. Сәйкесінше, осы жолдың құрылысына жауапты мекемелер мен мердігерге 57 рет қызметтік хат жолданыпты.

 

«Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі», «Ақтау-Құрық», «Жетібай - Жаңаөзен - Кендірлі - Түркіменстан Республикасының шекарасы», «Құрық-Жетібай», «Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сай Өтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау» бағытындағы автомобиль жолдарынан алынған сынамалардың да құрамынан ақаулық табылған.

 

-Жергілікті маңыздағы көлік жолдарында анықталған кемшіліктерге тоқталсақ, «Жыңғылды-Шайыр-Шерқала» трассасы, «Ата жолы», «Ақтау - Форт-Шевчено - Қаламқас кенорны», «Шетпе-Үштаған» мен «Форт-Шевченко-Таушық» «Ақтау-Қаламқас», «Таушық-Шетпе» және «Шетпе-Қызан» бағытындағы автожолдарда жүрген зертханалық тексерулер нәтижесі де көңіл көншітпейді. Анықталған олқылықтарды жою үшін жауапты мекемелерге қызметтік хат жолданды. Жол сапасының жақсаруын үнемі бақылап отырмыз, - дейді Е.Таялиев.

 

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «2019 жылы жалпы ұзындығы 150 шақырымды құрайтын төрт жоба аяқталды. Атап айтсақ, «Құрық порты-Құрық» автожолын реконструкциялау және «Шетпе-Үштаған», «Ақтау – Форт-Шевченко-Қаламқас кенорны» мен Оңды ауылына кіреберіс жолдарын орташа жөндеу жұмыстары өз мерзімінде бітті.

 

Биылға белгіленген жоспар ұзындығы 275 шақырымдық сегіз автомобиль жолдарының реконструкциясы мен жөндеу жұмыстарын аяқтау.

 

Соның ішінде 85 шақырымдық «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» трассасы мен «Жетібай-Жаңаөзен» бағытындағы 73 километр жолды жаңғырту биыл аяқталуы тиіс. Сондай-ақ ұзындығы 126 шақырымнан астам «Жыңғылды - Шайыр - Шерқала жері» бағытындағы асфальт жол мен екінші кезеңді қалпына келтіру басталған «Ата жолын» қайта жаңарту жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр».

 

Суреттерді түсірген баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему