Балғынбекке арналған кеш
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 04:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Балғынбекке арналған кеш

12 Июня 2017 (09:11) | 1663 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтауда «Бекен» жас көшбасшылар достастығының «Жүрекке жылу» жобасы аясында «Жақсылық жаса» атты қайырымдылық концерт өтті.

 

«Қазақстан – Ақтау» телеарнасындағы «Үміт сәулесі» бағдарламасында осыдан 2 ай бұрын ойнап жүріп, электр тогынан жарақат алып, екі қолынан айырылған Балғынбек есімді балаға протез салдыру керектігі жайында айтылған еді.

 

«Бекен» жас көшбасшылар достастығы балақайдың тағдырына бей – жай қарай алмай, оның отбасына көмек қолын созуды мақсат етті.

 

Екі қолынан айырылған Балғынбектің еміне арналған қайырымдылық шараға 200 – ге жуық өнерпаз атсалысты. Шараның бас ұйымдастырушысы, «Бекен» жас көшбасшылар достастығының директоры Мұқаш Бекенұлы:

-Адамзат баласының бойындағы асыл қасиеттің бірі – қайырымдылық. Себебі, қайырымдылық кез-келген жақсылық пен игіліктің нышаны болып табылады.

 

Ал жақсылық пен игілікті іс жасау – үлкен адамгершіліктің белгісі. Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралғанын жүрегімен сезінетін көптеген абзал жандардың басқа адамдарға қарайласып жүргенін көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр.

 

Қайырымды жандардың игі істері өзгелерге үлгі болатыны айтпасақ та түсінікті нәрсе.  Қайырымды істің қайыры бар.

 

Біздің мақсатымыз - жастайынан тағдыр тауқыметін тартқан 11 жасар Балғынбек Бақтиярға қаржылық қолдау көрсету. Кештен жиналған қаражат Балғынбекке тапсырылды. Мұндай игі шара «Жүрекке жылу» жобасы аясында жыл бойы жалғасын таппақ. Бүгінгі шараға қолдау көрсеткен барша жандарға алғысымыз шексіз,- деп мәлімдеді.

 

 

Аталған шараны ұйымдастыруда Қазақстанның белгілі азаматтары, Маңғыстаудың өнер жұлдыздары өз қолдауларын білдірді.

 

Қайырымдылыққа үлес қос!

Билет құны: бар-жоғы бес жүз теңге,

Досыңмен кел, бұл кешке доссыз келме.

Сауапты айда сауаптан айырылып,

 

Болмайық ғапыл қалған ессіз пенде! - деп, атақты айтыскер ақын Балғынбек Имаш ұйымдастырушыларға өз қолдауын Instagram желісі арқылы жеткізді.

 

«Бекен» жас көшбасшылар достастығы өз кезегінде барша мейірімді жандарға, соның ішінде «Forte bank» АҚ МОФ ұжымына, «Qazaq design», «Free Art Media» фото – видео студиясына алғыс білдіреді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему