Ақтаудағы балабақшаларда тазалық шаралары күшейтілді
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 17:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаудағы балабақшаларда тазалық шаралары күшейтілді

19 Марта 2020 (10:30) | 2181 | Автор: Нурганым Имашева

Елімізде төтенше жағдай енгізілгелі тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған нысанның бірі – балабақшалар. Қазір Ақтаудағы 81 бөбекжайдың барлығы штаттық режимде жасап тұр. Әр 2 сағат сайын ғимарат хлор препараттарымен тазаланып, санитарлық-дезинфекциялық шаралар жасалады. Балалардың қолы да антисептикалық құралдар және сабынмен жиі жуылады. Осы мақсатта бюджеттен қаражат бөлініп, қажетті нәрселермен толықтай қамтылған.

 

 

Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Светлана Төлебаеваның айтуынша, балабақшаға баланы апару-апармау ата-ананың өзінің құқығында. Бүлдіршінді үйінде қалдыруды орынды деп шешкен ата-аналар тәрбиешілерге хабарласып, ескертсе жеткілікті. Балабақшаның өтемақысы баланың барған күніне ғана есептелінеді. Бұл жекеменшілік ұйымдарға да қатысты.

 

Мамандар төтенше жағдайға байланысты балабақшаға келіп жүргендердің саны едәуір азайғанын айтады. Қаладағы 46 жекеменшік, 34 мемлекеттік бөбекжайға 5142 бала баруда. Бұл төтенше жағдайға дейінгі бала санының 34%-ын құрап отыр.

 

 

-Алаңдаудың қажеті жоқ. Балабақшалардың барлығында жоспарлы негізінде жылына 4 рет жоспарлы дезинфекция жүргізілетін болса, бүгінгі таңда елдегі қауырт жағдайға байланысты жоспардан тыс дезинфекицялық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде және балабақшаның іші дезинфекциялануы ылғалды хлор ерітіндісімен 2 сағат сайын жүргізіліп отыр,-дейді Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Светлана Төлебаева.

 

Суреттер Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему