Облыс әкімдігінің телеграм каналы: Атамекен ауылындағы көшелерге асфальт төселеді
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 00:51
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыс әкімдігінің телеграм каналы: Атамекен ауылындағы көшелерге асфальт төселеді

14 Ноября 2022 (18:07) | 1097 | Автор: Редакция

Облыс әкімдігінің телеграм чатында Атамекен ауылдық округінің тұрғыны аталған ауыл көшелеріне асфальт төсеп беруді сұраған. Тұрғын сауалына Атамекен ауылдық округі әкімдігінің өкілі жауап берді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Облыс әкімдігінің телеграм каналына аталған ауыл тұрғыны көшелерде жол сапасына шағымданған. Айтуынша, жолдың нашарлығы жаңбыр жауған кезде қатты сезіледі екен. Ой-шұқырға толы жолдар, суға толып адамдардың қимыл-қозғалысына кедергі жасайды.

- Бірінші кезеңмен 2023 жылдың көктем, жаз айларында қаражат мәселесі шешілген жағдайда «Ауыл- ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Атамекен ауылдық округінің Тамшалы, Қаламқас, Жалын, Туған ел, Арай тұрғын үй массивтерінің ауылішілік көшелеріне асфальт жол салынады. Екінші кезеңде Болашақ, Шағала, Атамекен, Темір су, Көктем, Арман тұрғын массивтеріне асфальт жолын салу үшін 2023 жылы жобалық-сметалық құжаттама жасақтап, 2024 жылы құрылысын салу үшін жұмыстанатын боламыз, дейді Атамекен ауылдық округі әкімдігінің өкілі.

-Қазіргі таңда облыс әкімдігінің телеграм чаты өңір тұрғындарының өзін толғандырған сұрақтарын қоя алатын ашық алаң. Мұнда күнделікті негізде әртүрлі өзекті сұрақтар келіп түседі. Солардың бірі, Атамекен ауылдық округі тұрғынының көшелерге жол төсеу бойынша көтерген мәселесі. Тұрғын өз сауалына жауап алды, аталған ауылдық округке кезең-кезеңімен асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болды. Бүгінгі таңда телеграм каналда 12 526 қолданушы бар. Осы уақытқа дейін келіп түскен сұрақ саны 14 799, оның шешілгені 14 777, дейді МО ӘА «Қоғамдық коммуникация орталығы» КММ БАҚ байланыс бөлімінің маманы Меруерт Миралиева.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему