Маңғыстаудың ТЖ саласының ардагері Қажымұрат Сейілханұлы Хайрушев 70 жасқа толды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 17:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаудың ТЖ саласының ардагері Қажымұрат Сейілханұлы Хайрушев 70 жасқа толды

6 Января 2020 (10:00) | 4360 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы және жеке құрамы Қажымұрат Сейілханұлы Хайрушевты 70 жас мерейтойымен құттықтады. 

 

 

Мерейтой иесін Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Бекенұлы құттықтады:

 

-Қажымұрат Сейілханұлы, Сізді мерейлі жасыңызбен құттықтаймын! Сіз өз ісіңізді біліктілікпен атқардыңыз. Бір сөзбен айтқанда жылдар өтсе де ешбір ескірмейтін көп жақсы жақтарыңыз бар, сондықтан Сізді құрметтейміз. Сізге мықты денсаулық тілейміз,  жүз жылдық мерейтойыңызға да жетейік.

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Мемлекеттік Азаматтық қорғау жүйесіне қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің алғашқы басшыларының бірі Қажымұрат Сейілханұлы «Азаматтық қорғау жүйесіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

 

-Сол кезде Кеңес одағының тарқауынан кейін басқа да салалардағы сияқты, аймақтың төтенше жағдайларға дайындығын қамтамасыз ету оңай болған жоқ,  алайда барлық қиындыққа қарамастан   Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы туындаған төтенше жағдайларда тиісті жұмыстарды атқарып отырды, -деп, Қажымұрат Сейілханұлы салаға өзі басшылық еткен жылдардағы атқарылған көптеген істерді есіне алды.

 

 

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментін 1997 жылдан 2008 жылға дейін басқарған Қажымұрат Сейілханұлы Хайрушев осы жылдар аралығында өңірдің қауіпсіздігі үшін тікелей жауапты болды. Басшы ретінде оған бүтін бір аймақтың амандығын сақтау миссиясы жүктелді. Ұзақ жылдар бойы осындай жауапкершілік жүгі зіл батпан қызметті атқарған азаматтың өне бойында қауіпті алдын-ала сезіне білу, қатер төнуі мүмкін жағдайды аса жоғары сезімталдықпен болжай алу сияқты ерекше бір қасиеттің пайда болғаны заңды құбылыс. 

 

Қажымұрат Сейілханұлы төнген қауіпті сезіне отырып, оны ойша талдауға бейімделді. Орын алған проблемалар жөнінде еш бүкпесіз жоғары мінберлерден айта отырып, оларды шешудің жолын тапты, кездескен кедергілерді жеңіп, мәселенің оң шешілуі үшін бар күш-жігерін жұмсады. Сол себепті де осы басшының қайсар мінез танытуы арқасында кезінде Маңғыстау өлкесі бір емес, бірнеше рет аймаққа төнген қауіпті табиғи және техногендік сипаттағы апаттардан аман қалған еді.

 

Суреттерді түсірген Гүлнар Ходжабекова

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему