Сот актілері орындалуымен ғана құнды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 04:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот актілері орындалуымен ғана құнды

21 Ноября 2017 (10:20) | 2766 | Автор: Нурганым Имашева

Азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру сот актісін орындаудың қисынды аяқталуы болып табылады. Процесті ұтқан  және өз құқығын сот тәртібімен қорғаған адамдар үшін сот шешімінің орындалу  нәтижесі маңызды. Әрбір орындалмаған сот шешімі бүкіл сот жүйесі жұмысының тиімділігіне қатысты әділдіктің салтанат құратындығына күмән келтіреді. Сот беделі оның шешімдерінің мүлтіксіз орындалуымен құнды. 

 

 

Сот азаматтық iстер бойынша АIЖК-нiң 21-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес шешiмдер, ұйғарымдар, қаулылар және бұйрықтар нысанында сот актiлерiн қабылдайды.

 

Заңды күшiне енген сот шешiмдерi, ұйғарымдары, қаулылары, азаматтық iстер бойынша бұйрықтары барлық мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, қоғамдық бiрлестiктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мүлтiксiз орындалуға тиiс.

 

Бiрiншi сатыдағы сот iстi мәнi бойынша қарағанда сот актiсi АIЖК-нiң 217-бабына сәйкес шешiм нысанында шығарылады. Шешiмнiң құрылымы мен мазмұны туралы АIЖК-нiң 220, 221-баптарының талаптары iс жүргiзудiң барлық түрлерi (талап қою бойынша iс жүргiзу, ерекше талап қоюмен және ерекше iс жүргiзу) үшiн мiндеттi. Заңмен көзделген жағдайларда (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын даулау жөнiндегi iстер бойынша, заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң конкурстық өндiрiсi шеңберiнде қаралатын iстер бойынша) сот актiлерi соттың ұйғарымы нысанында қабылданады.

 

Азаматтық істер бойынша сот актісі заңды күшіне енгенге дейін, әкімшілік іс бойынша 30 тәулікке дейін, ал қылмыстық іс бойынша екі ай мерзімге дейін айыппұлды төлеуге уақыт беріледі. Берілген уақыт аралығында сот актісі орындалмаған жағдайда, ол мәжбүрлі түрде орындату үшін жеке сот орындаушыларына жолданады. Сот орындаушы үшін сот шешімін нақты орындатудың бірден-бір «қаруы» борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту. Сот шешімін орындаудан жалтарған борышкерді Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама жасақтап, сотқа жолдаған кезде, сот қаулымен борышкерге айыппұл салады немесе әкімшілік қамауға алады. Сонда ғана, борышкер сот шешімін нақты орындау керек екенін ұғынады.  Сонымен қатар, сот орындаушылары тарапынан ішкі істер департаментіне ҚР ҚК 430 бабы бойынша борышкердің үстінен қылмыстық іс қозғау туралы ұсыныс жолдануы қарастырылған. Борышкерлер сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік қамауға алынып, қылмыстық жауапкершілікке тартылса борышкерде қорқыныш пайда болып, берешекті нақты өндіруге қол жеткізу мүмкін болар еді.

 

Заң алдында барлығы бірдей. «Заң қатал, бірақ, ол заң», сондықтан, ешқандай бұлталақсыз, кесіп-пішусіз орындалуы тиіс. Сот шешімдерінің орындалмауына немесе қиын орындалуына заңдағы қарама-қайшы баптар мен жекелеген түсініспестіктің де ықпалы тиеді. Сот шешімі орындалуымен құнды. Орындалмаған сот шешімі болмауы тиіс. Алайда сот шешімдерінің нақты орындалмау себептерінің бірі - борышкердің ақша қаражаты, дүние-мүлкінің болмауы, немесе жасыруы десек болады.

 

Борышкерге сот шешімін ерікті түрде орындауға бес күн беріледі. Алайда, сот процесі кезінде де, сот шешімі күшіне енгеннен кейін де борышкердің сот шешімін орындауға уақыты болады, бірақ борышкер атқару парағы сот орындаушысына түскенге дейін сот шешімін өз еркімен орындамайды, яғни қасақана орындамай жүреді деп те айтуға болады. Борышкерде «бұл менің берешегім, осыны төлеп құтылуым керек» деген ой болмайтыны анық.

 

Қорытындылай келе айтарымыз, сот актілерін тиімді орындау – мемлекеттік  заң жүйесінің маңызды шарты болып табылады. Сонымен қатар, қоғамның сот әділдігі мен жалпы мемлекетке деген сенімінің кепілі. Жеке сот орындаушылар институтының дамуы – сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етудің негізі болары сөзсіз.

 

Мұстафаева Малика Даулетқалиқызы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық

№2 сотының бас маманы сот мәжілісінің хатшысы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему