Кәсіпкерлер мәселесі оң шешімін тапты
Курс валют в Актау
на 03/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Мая, 16:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Кәсіпкерлер мәселесі оң шешімін тапты

17 Мая 2020 (12:01) | 1445 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасына жеке кәсіпкер Н.Жиенбаевтан шағым түседі. Ол Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылдық округінде орналасқан кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерін игеріп, құрылыс жұмыстарын бастау үшін сәулет жоспарлау тапсырмасын алу кезінде аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі мамандары жер телімдерінің бас жоспарға сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылғанын мәлімдеген.

 

 

Осы жер учаскелері алғашқыда 2014 жылы табысталып, оны кәсіпкер 2016 жылы сатып алғанына қарамастан, 2015 жылы Атамекен ауылдық округінің бекітілген бас жоспарын әзірлеу кезінде, кәсіпкердің жер учаскелері ескерусіз, жобаға енбей қалған.

 

Аталған мәселені жан-жақты қарап, оң шешімін табу мақсатында, өңірлік кәсіпкерлер палатасы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына және Мұнайлы ауданының әкіміне хат жолдап, сондай-ақ, Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілдерімен жұмыс кездесулерін өткізіп, келіссөздер жүргізді.

 

Нәтижесінде іскердің кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерінің сәулет жоспарлау тапсырмасы берілді.

 

Осылайша, МО кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің тікелей араласуымен кәсіпкердің мүддесі заңды түрде толық қорғалды.

 

 

Тағы бір кәсіпкердің құқығы тәркіленген бетперделерді кері қайтару барысында қорғалды. «Арай Фарм Актау» ЖШС директоры Т.Исатаева Ақтау қаласында орналасқан дәріханасына Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу Депратаментінің өкілдері келіп, медициналық бетперделердің бағасы қымбат сатылғанын негізге алып, бір мың дана бетпердені тәркілегенін айтып, Маңғыстау облысынының кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрады.

 

-Аталған мәселені жан-жақты қарап, кәсіпкерден тәркіленген берперделерді қайтарып беру мақсатында кәсіпкерлер палатасы облыстық прокуратураға хат жолдады және Департамент өкілдерімен қызметтік кездесулер ұйымдастырып, келіссөздер жүргізді.

 

Сөйтіп, кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің тікелей араласуымен кәсіпкерден тәркіленген 1000 дана бетперде кәсіпкерге қайтарылып, мүддесі заңды түрде толық қорғалды,- дейді МО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Б. Қалиев.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суретті түсірген баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему