Маңғыстауда 21 жаңа мектеп салынбақ
Курс валют в Актау
на 01/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
1 Мая, 04:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда 21 жаңа мектеп салынбақ

24 Августа 2019 (09:27) | 1583 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы «Келешекке – кемел біліммен!» атты Маңғыстау облысы педагогикалық қызметкерлерінің тамыз конференциясында белгілі болды. Жиынға қатысқан Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өңірдің білім беру саласын жетілдірудің жолдарын талқылап, нақты тапсырмалар берді. Атап айтсақ:

 

 

- Алдымен, білім сапасын көтеру үшін мұғалімдердің біліктілігі мен оқулықтардың сапасына және білім беру ұйымдарын заман талабына сай материалдық қорлармен жабдықтауға ерекше көңіл бөлуіміз керек.

 

Бұл ретте, білім басқармасы арнайы курстар мен семинарлар ұйымдастыру арқылы мұғалімдерді кәсіби тұрғыда дамыту жолдарын қарастыруы тиіс. 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде мектеп оқушыларын толықтай оқулықпен қамтамасыз ету – барлық деңгейдегі әкімдердің басты міндеті.

 

Мұғалімдерді кәсібіне қатысты емес жиындарға, басқа да шараларға тартуды тоқтатуымыз керек. Бұл – Президенттің тапсырмасы. Осыған байланысты, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына, білім басқармасына, аудан, қала әкімдіктеріне мектептерді кезең-кезеңімен арнайы кабинеттермен, оның ішінде компьютерлер, мультимедиалық және пәндік кабинеттермен жабдықтау үшін қаржы көздерін қарастыруды тапсырамын;

 

- Қазіргі уақыттағы маңызды мәселелердің бірі – түлектеріміздің жұмыспен қамтылуы. Түлектер мамандық бойынша даярланады, алайда мүлде басқа саладан орын табады. Негізгі өзекті мәселе – жастардың мамандықты дұрыс таңдамауынан туындап отыр. Сондықтан аудан, қала әкімдеріне мектеп оқушыларының қабілетіне және нарықтағы сұранысқа ие мамандықтарды ескере отырып, ерте бастан кәсіби бағдар жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді тапсырамын. Ал, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе өңірімізге қажетті сұранысқа ие мамандықтар тізімін анықтап, 5-10 жылдық болжам жасақтап, жаңа мамандықтардың атласын дайындау керек;

 

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы шаралар балабақшадан бастап әр білім ордасында өткізілуі тиіс. Білім ұйымдарында берілген тәрбие туған жеріңе, қоршаған ортаңа, өз тарихыңа құрметпен қарауға үйретіп, ұлттық құндылықты дәріптеуі тиіс. Жаңа оқу жылынан бастап дарынды мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне Әбіш Кекілбаев атындағы 20 шәкіртақы тағайындалатын болады. Осындай игі істердің жалғасы ретінде облыстық білім басқармасы және аудан, қала әкімдері білім беру ұйымдарына ұлы Абайдың атын беру жөнінде ұсыныстарын дайындасын;

 

- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев домбыраны мектептерде балаларға үйретуге назар аударғаны белгілі. «Осыған орай ұлттық өнерді насихаттау мақсатында оқушыларға арналған домбыра үйірмелерін көптеп ашуды көздейтін «Домбыра-дастан» жобасын жүзеге асыруды тапсырамын. Осылайша, маңғыстаулық оқушылар мектеп бітірген кезде кем дегенде 10 күйді үйреніп шығуы тиіс деп ойлаймын. Әрине, бұл шара жүзеге асырылса ата-аналар да риза болары сөзсіз;

 

 

Сапалы білім балабақшадан басталатыны бәрімізге белгілі. Ол үшін балабақшаға кәсіби біліктілігі мен білімі жоғары кадрлар қажет. Бүгінде, өңіріміздегі балабақшаларда жоғары білімді және жоғары санатты тәрбиешілердің үлесі жеткіліксіз деңгейде.

 

Сондықтан, білім басқармасына, аудан, қала әкімдеріне осындай жағдайларды болдырмау үшін бұл сұрақты үнемі бақылауда ұстап, баланы ерте жастан дамыту, мектепалды даярлықтың сапасын арттыру, кадрлардың кәсіби біліктілігін көтеру шараларын ұйымдастыруды тапсырамын;

 

Жалпы, облысымыз республиканың басқа өңірлерімен салыстырғанда туу көрсеткіші жағынан алдыңғы қатарларды иеленеді, сондай-ақ көшіп келушілер саны да күн санап артып отыр.

 

Сондықтан мектеп құрылысының мәселесі бірінші кезекте тұр. Жүргізілген талдаулардың нәтижесінде өңірімізде алдағы бес жыл ішінде бала саны 138 мыңнан 212 мыңға дейін артады деп күтілуде.

 

Қазір аудан, қала әкімдіктерімен жобалық қуаты 16400 орынды құрайтын 21 мектептің жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда.

 

Осы орайда аудан, қала әкімдеріне мектеп құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттарын уақытылы дайындап, білім, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларымен бірлесіп қаражат көздерін қарастыру мәселелерін шешуді тапсырамын, - деді аймақ басшысы.

 

Сондай-ақ, конференция жұмысы барысында білім саласының үздіктері ҚР «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен және Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы директорының орынбасары Айдос Агдарбекұлы ҚР Білім және ғылым министрлігінің марапаттарын тапсырды.

 

 

-Дәстүрлі түрде жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, жалпы білім беретін мектептердің қызметін бағалау мақсатында «Орта білім беретін үздік ұйым» грантына облыстық конкурс өткізіледі. Биылғы жылы комиссияның шешімімен конкурста үш мектеп жеңімпаз болып танылды.

 

Үшінші орынды Қарақия ауданы Құрық гимназиясы иеленіп, мектепке 8 миллион теңге көлеміндегі сертификат табысталса, екінші орынды жеңіп алған "Білім-инновация" лицейі мектебіне 10 миллион теңге көлеміндегі сертификат берілді. Ал Ақтау қаласындағы "ІТ-лицей" жеңімпаз деп танылып, мектепке 16 миллион теңге көлеміндегі сертификат табысталды.

 

Грант қаржысы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалатын болады,- деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

 

Суреттерді түсірген облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему