Жігерлі жастар пікірсайыста басқосты
Курс валют в Актау
на 07/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
7 Мая, 03:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жігерлі жастар пікірсайыста басқосты

16 Мая 2017 (14:16) | 2757 | Автор: Нурганым Имашева

 

Аймақта алғаш рет облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас мамандар, студенттер және мектеп оқушылары арасында облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Екі күнге жоспарланған турнирге Қазақстан Республикасының пікірсайыс технологиясын меңгерген 27 команда қатысып, бақтарын сынады.

 

-Оқушылардан 16 команда, студенттерден 6 және жас мамандардан 5 команда қатысуда. Олар бірінші айналымда «Маңғыстау облысында жұмыссыздықты жою», «Жастар арасында суицидтік проблемаларды шешу» және «Қазақстанға төнген басты қауіп» тақырыптарында ойнады.

 

Жартылай финалда «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі тақырыбында әңгіме өрбітті. Ойында оқушылар арасында Назарбаев зияткерлік мектебінің, С. Шапағатов атындағы мектеп-лицейінің және Ақшұқыр ауылының №1 мектеп лицейі белсенділігімен көзге түсті. Бұл шараны өткізу арқылы біз жастардың пікірсайыс технологиясы бойынша тәжірибе алмасуына жағдай жасап, аймақта пікірсайыс қозғалысын жаңартпақшымыз,-деп мәлімдеді облыстық жастар ресурстық орталығы кеңес беру бөлімінің жетекшісі Меруерт Қонақбаева.

 

 

Пікірсайыс бағдарламасында елімізде өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін насихаттау, жұмыссыздықты жою, жастар арасындағы суицидтің алдын алу, латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары мен кемшіліктері секілді өзекті мәселелер талқыланды.

 

 

Тартысты өткен пікірсайыстың қорытындысында студенттер арасында бірінші орыннан Маңғыстау гуманитарлық-техникалық университетінің студенттері Еркебұлан мен Құндыз көрінсе, жас мамандар арасында бірінші орынға-Жаңаөзен қалалық жастар орталығының қызметкерлері Қасым Байтөриев пен Таушық мектебі ағылшын тілінің маманы Зульфия Маралбекова ие болды.

 

Оқушылар арасында бірінші орын Назарбаев зияткерлік мектебіне бұйырды. Екінші орынды студенттер арасында Маңғыстау гуманитарлық-техникалық университетінің студенттері Бақытгүл мен Сара және жас мамандара арасында Ақшұқыр мектеп-лицейінің мұғалімдері Бейбіт Қабисатов пен Ромат Мұқашев еншіледі.

 

 

Оқушылар арасында екінші орыннан жаңаөзендік қазақ-түрік лицейінің оқушылары көрінді. Үшінші орынға жас мамандар арасында С. Шапағатов атындағы мектеп-лицейінің мұғалімдері Гүлмира Қалменова мен Ардақ Есетжанова және ақшұқырлық «Маршал маржандары» тұрақтады.

 

Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар атынан кубок пен естелік сыйлықтар табысталды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему