Маңғыстаулық 8 жасар шахматшы Түркияда өткен әлем чемпионатынан жеңіспен оралды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 06:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық 8 жасар шахматшы Түркияда өткен әлем чемпионатынан жеңіспен оралды

8 Мая 2019 (11:37) | 1877 | Автор: Нурганым Имашева

Мұндай көрсеткішке өңіріміз алғаш рет қол жеткізіп отыр.

 

 

Бұл туралы облыстық Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Бисенкұлов Жамбыл мәлімдеді.

 

3-сынып оқушысы Эдгар Түркияның Анталия қаласында өткен оқушылар арасындағы халықаралық чемпионатта 2- орын иеленген. Сайысқа 33 мемлекеттен 382 жас шахматшы қатысқан.

 

 

- Мені анам көптеген үйірмелерге апарды. Бірақ, жаныма жақын тартқаным осы шахмат болды. Мен өзімді болашақта шахматтан кәсіби деңгейде маман ретінде көремін. Әлемнің бірнеше елінде болдым. Күшті әсерлер алып, тәжірибе алмасудамын. Маған шахмат көптеген белестерге жетуге жол ашуда. Қазіргі уақытта тамыз айында Қытайда өтетін халықаралық чемпионатқа дайындық үстіндемін. Осы сәтті пайданала отырып, маған демеушілік жасап жүрген аға-апаларыма ерекше алғысымды білдіремін, - деді жас шахматшы Эдгар Мамедов.

 

 

Ақтау қаласындағы№ 9 орта мектептің оқушысы Эдгар Мамедов «Дебют» шахмат мектебіне 5 жасынан барады. Төрт жасынан кітап оқи бастаған ол үйірмеге барған сәттен дайын формулалармен жаттығады. Өңірдің мықты шахматшылары жиналған үлкен блиц турнирдің көктемгі кезеңінде 11 ойыннан 9 ұпай жинап, 44 қатысушының арасынан оқ бойы озып шықты. 2018 жылы Алматы қаласында өткен ҚР чемпионатында алтын алқа жеңіп алса, Павлодар қаласында өткен чемпинатта классика, рапит, блиц үш контрольда да қатысып, абсолюттік чемпион болған. Сонымен қатар, сәуір айында Тайландта өткен Азия чемпионатында 3- орын, Шри-Ланкада өткен әлем чемпионатында 3 - орын иемденді. Жаттықтырушысы Анвар Шайхымов Эдгардың жеткен жетістіктері білімге деген ерекше құштарлығы мен ата-анасының ықыласында дейді.

 

Шахмат ойындары облыста дамып, жас өрендеріміз қоржынға күміс, алтын алқалар салуда. Бұл орайда жаттықтырушының да рөлі ерекше. Алдағы уақытта осы спорт түрін дамытудың жаңа жоспарлары қарастырылатын болады деді облыстық спорт басқармасының өкілі.

 

Суреттерді түсірген Өңірлік Коммуникациялар қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему