Сот жүйесін жақсартудағы нақты қадамдар
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 16:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот жүйесін жақсартудағы нақты қадамдар

15 Марта 2018 (15:28) | 2305 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгінгі таңда Президентіміз Н.Назарбаевтың елімізді өркендету жолындағы көпвекторлы саясаты өз жемісін беріп отыр деп нық сеніммен айтуға болады. Мемлекетіміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі уақытта сот жүйесінде ауқымды реформалар жүзеге асырылып, сот төрелігіне халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеу міндеті қойылуда.

 

 

Сот жүйесінде аса көңіл бөлінетін тұлға – судьялар, неліктен десек, мемлекетіміз демократиялық ел болғандықтан, адамның құқығын, бостандығын қорғайтын тек қана сот болып табылады.

 

 Судьялардың объективті және байыпты сот ісін жүргізуді қамтамасыз етуі - басты назарда. Сондықтан судьяның біліктілігі мен парасаттылығы, заңға адалдығы бекем болуы тиіс.  

 

Республика судьяларының VII съезіне қатысқан Елбасы Н.Назарбаев: «Сот жүйесі, құқық қорғау органдары түзелмей, біз ешуақытта реформаны орындадық деп айта алмаймыз. Сондықтан, бірінші күннен бастап сот жүйесінің жұмысына мемлекет, мен болып, арнайы көңіл бөліп келеміз»,- деген VII съезде Жоғарғы Сот төрағасы болған Кайрат Мами, сот жүйесін жеңілдетудың негізгі басымдықтарының бірі ретінде саланы кадрлармен қамтамасыз ету екендігін айтқан болатын. Осыған орай, соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес сот жүйесінің сапалы кадрлармен қамтамасыз етілуіне лайықты үлес қосылып келеді.

 

Сот төрелігін Қазақстан Республикасының атынан Ата Заңмен жүзеге асыратын сот болып табылғандықтан, оларға сот төрелігін іске асыру өкілеттіктері беріледі. Мемлекет атынан шешім қабылдап, сот төрелігін жүзеге асырушыларға қойылатын біліктілік талаптарының күшейтілуі уақыт талабынан туып отыр.

 

Өз саласының білікті маманы болуы үшін сол салада төменгі сатыдағы қызметтерді сатылы түрде тәжірибе жинақтау арқылы білімін, кәсіби дағдысын ұштаудың өзі кез-келген адамның судья лауазымына өтіп кетпей, сот ісін жүргізуден нақты тәжірибесі бар, сот жүйесінде қызмет атқарғаны абзал, ең маңыздысы судьялық корпусқа білікті мамандардың келуіне септігін тигізетіні сөзсіз.

 

Сот жүйесінің дамуы тоқтап, таяздап қалатын құбылыс емес. Оны демократиялық құндылықтарды басшылыққа ала отырып, құқықтық тұрғыдан үздіксіз жетілдіріп отыруымыз қажет.

 

Судья лауазымына үміткерлерге қойылатын жаңа талаптардың күшейтілуінің түпкі мақсатының өзі – судьяларды тағайындау, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мен олардың жауапкершілігін көтеру арқылы болашақта сот корпусының сапалы құрамын жақсартуды көздейді.     

 

Ақтау қаласының №2 cотының

жетекші маманы Айдана Арыстанқызы Мамаева

 

Суреттер sud.kz сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему