Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметі бақылауда
Курс валют в Актау
на 04/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
4 Мая, 10:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметі бақылауда

3 Мая 2019 (10:15) | 3411 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Н.Жанназарова «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының №1 Ақтау қалалық халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімін барып қарады. Бұл туралы Департаменттің баспасөз қызметі хабарлайды.

 

 

Қызмет алушы халықпен департамент басшысы тілдесіп, қызмет көрсету сапасына қатысты ой-пікірлерін тыңдады.

 

Танысу нәтижесімен, жалпы ХҚКО-на оның ішінде электронды қызметтер орталығының қызметіне департамент басшысының да қызмет алушылардың тарапынан да оң баға берілді.

 

Себебі, электронды қызметтер орталығында қызмет көрсету жаңа форматқа көшірілген, техникалар мен жихаздары жаңартылған, бір сөзбен айтқанда қазіргі уақытта комфортты қызмет алу үшін барлық тұрмыстық жағдайлар жасалған.

 

 

Дегенмен, департамент басшысының тарапынан ХҚКО басшылығына сын-ескертпелер мен ұсыныстар да аталды.

 

Атап айтқанда, ХҚКО ғимараты жуырда жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін, бұрын департаментпен жолданып орналасқан көрнекті жерлердегі «Цифрлық агент» мобильді қосымшасы, қызмет көрсету сапасын шағымдану құқықтары мен департаменттің мекен-жәйы туралы мәліметтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат материалдары алынып, қайта жаңғыртылмағанды бойынша ескертілді.

 

Сонымен қатар орталықта өз қызметтерін жүзеге асырып отырған «НҰР ЛТД» ЖШС өкілдерінің толық ашықтықты қамтамасыз етулерін оның ішінде, кассалық аппараттарын үнемі түрде пайдалануын қадағалауды ұсынды.

 

 

Бұдан басқа, кезектіліктің көп шоғырлануын болдырмау мақсатында, анықтама алу терминалдарын толықтай іске қосып, нұсқаушы операторлардың санын көбейту жөнінде де ұсыныстар берілді.

 

Сондай-ақ, қызмет алушылардың видео шағымдарына арналған арнайы орын бойынша насихат жұмыстарын күшейтуді ұсынды.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Е. Байжігіт ұсыныстар мен ескертпелерді қатаң бақылауға алып, тиісті қызметкерлерге тапсырмаларды жүктейтіндігін жеткізді.

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему